Ардагерге лайықты құрмет көрсетілді

Қазіргі таңда ардагерлер құрметіне ауданымызда да ауылдық округтерде де үнемі түрлі іс-шара, концерт, жиын, кездесу өткізіліп отырады. Мереке күндері де ардагерлер назардан тыс қалған емес. Бұл – біздің, яғни қазыналы қарттар мен ардақты ардагерлердің еткен еселі еңбек пен маңдай тердің ақталғаны, еленгені. Одан бөлек аудан әкімдігі тарапынан да қарттарға деген құрмет жиі көрсетіліп отырады. Талай жылғы еңбегімізді елеп-ескеріп, алғыс хатпен марапаттап, мадақтап, мүмкіндігінше түрлі сый-сияпат беріп жатады. Мәселе қандай да бір сыйлықта емес, үлкен деп құрметтегеннің өзі бір бақыт біз үшін. Осындай айтулы игі істердің жаршысы болып, ауданымыздың көркеюіне бірден-бір себепкер болған аудан әкімі Берік Сәрменбаевқа алғысымды білдіремін.
Аманкелді ауылдық округінің «Ардагерлер кеңесі» төрағасы ретінде үнемі ауданымызда болып жатқан түрлі мәселелерді, атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарларды талқылап, өз ұсыныс-пікірімізді, ақыл-кеңесімізді айтып отырамыз.
Еліміздің дамуына, өсіп-өркендеуіне, келешегінің кемел, болашағының жарқын болуына үлес қосып жүрген кейінгі жас толқынға тек сәттілік тілеймін! Ауданымыз үшін атқарып жатқан оң істеріңіз табысты болсын!
Нұрмағанбет ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ,
Аманкелді ауылдық округі
ардагерлер кеңесінің төрағасы