Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Қазыналы қарияларға құрмет көрсетілді

Қазыналы қарияларға құрмет көрсетілді

Шаған ауылдық мәдениет үйінде 1 қазан – Халықаралық қарттар мерекесіне орай «Қариялар, таусылмас – дариялар» атты мерекелік іс-шара өткізілді.

Үлкенді сыйлау мен оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Қарттарымыздың өмірлік тәжірибелері мен ақыл-кеңестерінің, тәлім-тағылымдарының біз үшін орны бөлек. Себебі, әрқайсыларыңыздың ауылымыздың өсіп-өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен.

Мәдениет үйінің өнерпаздары ардагерлерге арнап ән айтып, би билеп, жырдан шашу шашты. Шара барысында ауылдық округі әкімі У.Абдраманова ардагерлерді төл мерекелерімен құттықтап, ізгі тілегін жолдады. Қарияларға құрмет көрсетіліп, ауыл әкімінің құттықтау хатымен сый-сыяпат табысталды.

«Шаған Жер» ЖШС-нің демеушілігімен биыл 80 жасқа толған ардагерге сый—құрмет көрсетілді. Ауылдық округ бойынша 70 ардагерге сый-сыяпат берілетін болады «Шаған Жер» ЖШС-нің демеушілігімен.

Құрметті ардагерлер сіздерді мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріне саулық, отбасыларына құт-береке мен бірлік тілейміз! Қажыр-қайраттарыңыз сарқылмасын.
Шаған ауылдық округі әкімдігі
30 қыркүйек 2022 ж. 683 0