Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге күресейік

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге күресейік

Сырдария әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Нұржан Ешниязов мемлекеттік қызметкерлермен кездесіп, әдеп кодексі, сыбайлас жемқорлық мәселелері жөнінде семинар-кеңес өткізді.

Cеминар-кеңесте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік қағидатын, мәдениетін қалыптастыру үшін мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субьектілерінің және әрбір азаматтың, әр қызметкердің өзінен бастау алатын маңызды мәселе екенің, ол үшін мемлекеттік қызметкерлер – сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын қатаң сақталуын, басшылық құрамы тарапынан берілген заңды тапсырмаларын сапалы орындаумен қатар, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ашықтығын, жариялығын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Жалпы айтқанда, қызметкерлер мен азаматтар әдеп жөніндегі өкілетті уәкілге кеңес алу, проблемалық жағдайларды реттеу, әріптестерімен қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру үшін жүгіне алады.

Кездесу соңында мемлекеттік қызметкерлер тарапынан сұрақтар қойылып, заңнамаларға сәйкес жауаптар берілді.
01 қараша 2024 ж. 107 0