Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

№93 газет

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Құтқарушы – жауапты мамандық

Құтқарушы – жауапты мамандық

Қазан айының 19 жұлдызы – құтқарушылардың кәсіби мерекесі. 1995 жылдан бері адам өмірін сақтау үшін өз жанын шүберекке түйетін ауыр әрі жауапты саланың мамандары өз кәсіби мерекесін қазан айында тойлайды. Биыл төтенше жағдайлар қызметінің құрылғанына 29 жыл толды. Яғни 1995 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі құрылған еді.

Қазақстан егемендік алғанға дейін елімізде кәсіби апаттық-құтқару қызметі болмаған. 1995 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен құрылған арнайы қызмет күнінің аталып келе жатқанына отыз жылға жуық уақыт болды. Осы уақыт ішінде елімізде төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою бойынша тапсырмаларды жоғары деңгейде шешуге қабілетті жедел әрекет ететін қуатты және шұғыл жүйе қалыптасты. Сала мамандары өз өмірін қауіпке тігіп, еліміздегі түрлі апаттардың алдын алу мен жоюды қамтамасыз етіп келеді. Құтқарушы болу – өзгенің өміріне үлкен жауапкершілікпен қарап, оны қауіптен аман алып қалуға атсалысу.

Құтқарушылар күні – барша қазақстандық азаматтық қорғаныс пен өртке қарсы күрес мамандарының ортақ кәсіби мерекесі. Еліміздегі төтенше жағдайлардың алдын алу мен салдарын жою міндетін атқаратын кәсіби құрылымға бүгінде аса күрделі қызмет жүктелген. Жоғары кәсіби дайындықты талап ететін қызмет өзінің қауіпті әрі көпқырлылығымен ерекшеленеді.

– Сырдария ауданының төтенше жағдайлар бөлімі азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты, оның ішінде, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, аудан аумағында азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, төтенше жағдай аймағында халыққа көмек көрсетуді жүзеге асырады. Бөлімде Қазақстан Рес­публикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мен Төтенше жағдайлар департаменті басшылығының тапсырмаларын орындау және оның орындалуын бақылау күшейтілген. Сырдария аудандық төтенше жағдайлар бөлімі құрылған жылдан бастап төтенше жағдайдың алдын алуға және жоюға, өрт қауіпсіздігі мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметін атқарып келеді. Қызметкерлер тәуліктің кез келген уақытында орын алған төтенше жағдай кезінде адам өмірін сақтап қалуға күш-жігерін аямай, кәсіби біліктілік танытуда. Сонымен қатар, республиканың өзге өңірінде төтеннен орын алған апат кезінде көмекке шығуға дайын тұрамыз. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің білікті мамандары төтенше жағдай кезінде халыққа жедел көмек көрсетуге әзір, – дейді аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Қанат Шарафадинов.

Әлемде 10 мыңнан аса мамандық түрі бар. Оған арнаулы және қосымша мамандық түрлерін қоссаңыз, 50 мыңнан асып түседі. Осынша мамандықтың ішінде ең қиын әрі қауіпті қызметтің бірі құтқарушылардыкі деп білеміз. Себебі, қандай жағдай болмасын, қауіпке бас тігу, ең басты байлық адам өмірін сақтап қалу – сала мамандарының негізгі міндеті. Құтқарушы болу – адам өміріне жауапкершілікпен қарау. Қиындығы мол саланы өмірлік мамандық еткен жандарға артылар жүк жеңіл емес. Жылдың қай мезгілі, тәуліктің қай сәті болса да, тұрғындар қауіпсіздігі үшін тың отыратын құтқарушыларды кәсіби мерекемен құттықтаймыз!

А.МҰХАНБЕТҚАЛИ
19 қазан 2024 ж. 119 0