Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін қандай мереке?

Бүгін қандай мереке?

Биыл елімізде төтенше жағдайларға қарсы қызметтің құрылғанына 24 жыл толып отыр. Нақтырақ айтқанда, 1995 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті құрылған болатын. Осының негізінде «19 қазан – Құтқарушылар күні» болып белгіленді.
Құтқарушылар азаматтық қорғаныс­тың негіз­гі міндеттерін, құрылуы мен жұмыс iстеуінің ұйымдас­тырушылық қағи­­­­даттарын, мемлекеттік материалдық резерв қалыптастыруды, сақтауды жә­не пайдалануды, апаттық құтқару қызметтері мен құралымдарының ұйымдастырылуы мен қызметін ай­қындайды. Сонымен бірге, ҚР «Азаматтық қорғау» Заңы бойынша іс-шараларды жүргізу процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді әрі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар алдын алу және жою бағытында жұмыс жасайды. Сала мамандары төтенше жағдай аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетуге, өрт қауіпсіздігі мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге де жауапты.
– Құтқарушы мамандығының ең басты міндеті – адамдар өмірін құтқару, бұл жоғары және жауапты миссия. Сондай-ақ халықтың бейбіт өмірін, тұрмыстағы, өндірістегі қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, апаттық жағдайға жол бермеу негізгі жұмысымыз. Апат айтып келмейді. Тосыннан болған апат кезінде азаматтарға бірінші болып көмекке ұмтылатын тө­тен­­ше жағдайлар қызметінің құтқару­шы­­­лары. Бұл іс кез келгеннің қолынан ке­ле бермейді. Оған үлкен жүрек, ма­шық, білім мен білік және тәжірибе керек», – дейді аудандық төтенше жағ-да­й­­­­лар бөлімінің бастығы Асхат Оразбеков.
Иә, құтқарушы болу оңай емес. Тіл­­­сіз жау болып саналатын өрт пен тас­қын су жағдайында да, тіпті улы газ та­ралып, адам өміріне қауіп төнгенде де құтқарушылар бірінші әрекет етеді. Осы ретте, бүгінде аудандық төтенше жағдайлар бөлімінде 35 қызметкер еңбек ететінін, мекеме өртке қарсы қызмет көрсету техникаларымен қамта­масыз етілгенін атап өткеніміз жөн. Мұнан бөлек, мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімінде де кәсіби біліктілігі жоғары өрт сөндірушілер жұмыс жасауда. Бөлім тарапынан тұрғындарға орын алуы мүмкін төтенше жағдайлардың себебі жөнінде ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізіліп келеді.
Аудан тұрғындарының қауіпсіздігі үшін тәулік бойы қызмет көрсетуге дайын сала мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз. «Міндет мүлтіксіз атқарылуы тиіс» қағидатын ұстанған құт­қарушыларға еңбекте абырой тілейміз.

Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ

19 қазан 2019 ж. 977 0