Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 49 газет

05 шілде 2025 ж.

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Назым Қызайбай жаңа лауазымға сайланды

Назым Қызайбай жаңа лауазымға сайланды

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының Түркістан облысындағы оқу-жаттығу жиыны аясында жаттықтырушылар мен боксшылардың қатысуымен жиын өтті. Жиын барысында талқыланған бірнеше маңызды мәселелердің бірі жаңа команда капитанын сайлау болды, - деп жазады Aikyn.kz.

Нәтижесінде спортшылардың басым дауысымен Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны болып сайланды.

Қазір боксшылар Азия чемпионатына дайындалып жатыр. Құрлықтық чемпионат 30 қараша мен 11 желтоқсан аралығында Иорданияда өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, Париждегі Олимпиадада бокстан Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсететін Назым Қызайбай қола жүлдегер атанған болатын.
13 қазан 2024 ж. 202 0