Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№6 газет

24 қаңтар 2026 ж.

№ 5 газет

21 қаңтар 2026 ж.

№4 газет

17 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Назым Қызайбайды жанкүйерлері әуежайдан күтіп алды

Назым Қызайбайды жанкүйерлері әуежайдан күтіп алды

Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай Қазақстанға келді. Оны туыстары мен жанкүйерлері Алматы әуежайынан сән-салтанатпен күтіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жазғы Олимпия ойындарында әйелдер боксынан 50 кг салмақта жұдырықтасқан Назым Қызайбай өзіне көрсетілген құрметке алғыс айтты.

«Жалпы Олимпиада ойындары жақсы өтті. Жаттықтырушыммен жақсы дайындалып, қолаға қол жеткіздік. Халықтың күтіп алғанына қарап, жеңіске жеткенімді енді сезініп жатырмын. Жанкүйерлерге мың алғыс. Барша Қазақстанның қолдауын сезіндім», деді ол.

Еске салайық, 50 келі салмақта ел намысын қорғаған отандасымыз жартылай финалда қытайлық Ву Юмен қолғап түйістіріп, төрешілер шешімімен ұтылды. Осылайша ол Олимпиада ойындарының қола жүлдесін қанжығасына байлады.

Фото: KAZ.NUR.KZ
12 тамыз 2024 ж. 273 0