Тереңөзектегі түлеген тіршілік

- Облыс әкімінің қолдауымен Тереңөзек кентінде абаттандырудан бөлек, жаяу жүргіншілер жолдары салынып, көпқабатты тұрғын үйлер де күрделі жөндеуден өтіп жатыр. “Тағзым” алаңында да қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Бұл бір жағынан тұрғындарға демалыс орны болсын деген ниетпен де жасап жатырмыз. Балаларға арналған ойын алаңы да дәл осы жерге салынатын болады. Айта кету керек, Тереңөзек кентінде 9 көшеге жаяу жүргіншілер жолын салуға қаражат бөлінді. Қазіргі уақытта 6 көшенің жүмыстары толық басталды. Ең алдымен әлеуметтік нысандар орналасқан көшелер қамтылды. Бұл жұмыстары келесі жылы да жүзеге асатын болады. Ал көпқабатты тұрғын үйлердің аула аумақтарын қайта жаңғырту жобасы бойынша да қазір бірнеше жоба іске асырылып жатыр. Оның ішінде А.Иманов көшесінде орналасқан 6 көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өтуде,- деді Тереңөзек кентінің әкімі Ержан Бақтияров.
@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі