Аудан әкімі Тереңөзек кентін аралады
Бүгін аудан әкімі Мұрат Ергешбаев кеңесшісі Б.Сәрменбаевпен бірге Тереңөзек кентін аралады. Аудан басшысы кенттің кіреберісінен бастап, Аманкелді Иманов көшесінің бойында басталған күрделі жөндеу жұмыстармен танысты.
Сондай-ақ "Сыр Ана" монументінде, "Тағзым" алаңында жүргізілген жалпы абаттандыру және тазалық жұмыстарының қорытындысын көрді. Аудан әкімінің кеңесшісі Тереңөзек кенті әкімдігімен бірлесе атқарылған жұмыстарды баяндады.
Аудан басшысы мұнан бөлек көпқабатты тұрғын үйлердің ауласын аралап, атқарылуы тиіс жұмыстар жөнінде нақты тапсырмалар берді. Аудан орталығын аралауға арналған жұмыс кестесі Орталық алаңда қорытындыланды.
Атап өту қажет, қазірті таңда Тереңөзек кентінің А.Иманов көшесіндегі автомобиль жолын күрделі жөндеу жобасы жүзеге асырылуда. Мердігер мекеме «Қызылорда-Жолдары» ЖШС автомобиль жолының екі жақ бетіне жаяу жүргіншілер жолын салып, аяқ су жүйесіне темір бетонды лоток орнататын болады. Бұл жұмыстардың сапалы әрі уақытылы жүргізілуі аудан әкімінің тікелей назарында.