Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыс әкімі қайта жаңғырту жобаларымен танысты

Облыс әкімі қайта жаңғырту жобаларымен танысты

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласындағы қайта жаңғырту жобаларымен танысты.

Нұрлыбек Машбекұлы Желтоқсан көшесіндегі жылу трассасын жөндеу жұмыстарын көрді. Бас мердігер "Ақмешіт-Мелиоратор" ЖШС магистральдық жылу желілерін жаңғыртуда. Жоба құны 787 млн теңгеге жуық.

Биыл қала көшелерін, көпқабатты тұрғын үй аулаларын абаттандыру үшін облыстық бюджеттен 12,7 млрд. теңге қаралды. «Қорқыт Ата» әуежайының аумағын көркейту, қала, кент пен ауылдық округтердің 75 көшесіне жарық бағаналарын орнату, 59 көшеге жаяу жүргіншілер жолын салу жоспарланған. Құрылысы өткен жылы бастау алған 19 көпқабатты тұрғын үйдің ауласындағы жұмыстарды аяқтау үшін 237 млн. теңге бөлінген. Тағы 25 көпқабатты тұрғын үйдің ауласындағы ойын алаңдарын күрделі жөндеу үшін облыстық бюджеттен 1 млрд. теңге қаралған. Бұған қоса 215,8 млн. теңгеге 4 көппәтерлі тұрғын үйдің ауласы жөнделуде.

Облыс орталығына 10 замануи аялдама салу үшін 52,5 млн. теңге қаралып, толығымен орнатылды. «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы шеңберінде 332,6 млн. теңгеге көшелерге науа тарту, орталық зиратты қоршау, көппәтерлі үйлерді абаттандыру қолға алынды.

Қаланы көгалдандыру үшін құрылған «Жасыл Қызылорда» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне биыл 702,2 млн. теңге қаржы берілді.

Көркейту-көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарымен танысқан аймақ басшысы барлық істі сапалы атқарып, мерзімінде аяқтауды тапсырды.

©️Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
15 шілде 2024 ж. 183 0