Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Шәкірт жүрегіндегі ұстаз

Шәкірт жүрегіндегі ұстаз

Өскелең ұрпаққа дұрыс тәлім-тәрбие беру, білім нәрімен сусындату, тұлға ретінде қалыптастыру екінің бірінің қолынан келе бермейді. Сондықтан, ұстаз болу – жүректің батырлығы деп бағалауға болады. Осындай білікті де білімді ардақты ұстаздарымыз өз уақытын аямай, шәкірттеріне білім нәрін беріп келе жатыр. Сондай жанның бірі –ұлағатты ұстаз Бақытгүл Ошақбаева.

32 жылға жуық абыройлы қызмет атқарып, терең білім мен тәлімді тәрбиені шәкірттеріне сіңіріп, адамға тән асыл қасиетті бойына жинаған Бақытгүл Бисенқызы – саналы ғұмырын ұстаздыққа арнаған ұлағат иесі. Талай жыл бойы ауыл балаларына білім мен тәрбиені қатар үйретіп, қажырлы еңбек етіп келе жатқан білікті ұстаз ауданға қарасты Шаған ауылының тумасы. Жастайынан білімге құштар болған жан 1992 жылы М.Мәметова атындағы педогогикалық училищенің бастау­ыш сынып мұғалімі маман­дығы бойынша оқуын аяқтап, ұстаз­дық жолын таңдайды. Кейіннен білі­мін жетілдіру мақсатында 2003 жылы Қорқыт ата атындағы ҚМУ бас­тауыш сынып мұғалімі мамандығын игеріп шығады. Білікті ұстаз алғашқы еңбек жолын 1992 жылы Ақжарма ауылындағы Абай атындағы №130 орта мектепте орыс тілі және әдебиеті пәнінен мұғалім болып бастаған. 1993 жылы Шаған ауылының №37 орта мектебіне бастауыш сынып мұғалімі болып ауысады. Ол еңбек еткен 32 жылда талай жетістіктерге жетіп, мектепішілік, аудандық, облыстық, республикалық сайыстарға қатысып, мек­теп­тің абыройын көтеріп жүрген ізденімпаз ұстаздың бірі де бірегейі. Тәжірибелі маманның сыныптан тыс жұмыстары, тәрбие сағаттары, мерекелік іс-шаралары үнемі жоғары деңгейде өтеді. 1997 жылы Ерлан Жәрімбетовпен отба­сының іргетасын қалап, бүгінде 3 ұл, 1 қыз тәрбиелеп отырған бақытты отбасы. Қазіргі таңда 2 ұлы жоғары оқу орнын бітіріп, елінің дамуына үлес қосып жүр.


– «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дейді халық даналығында. Мектептегі білім мен тәрби­енің алғашқы баспалдағы және негізі бас­тауыш сыныптардан басталатыны белгілі. Бас­тауыш мұғалімі ол тек оқытушы ғана емес, ол – бағбан, баланың жарқын болашағына жол көрсетуші, бағыт-бағдар беруші, сонымен қо­са баланың бойындағы қабілет көзін ашу­шы. Бастауыш мұғаліміне қойылар талап пен жауапкершілік басқалардан екі есе жоғары. Бастауыш сыныбынан бастап баланың тілін, ой-өрісін, ойлау қабілеті мен шығар­машылығын дамыту арқылы бүгінгі заман талабына сай жан-жақты дамыған жеке тұл­ғаны қалыптастыру – біздің басты міндетіміз, – дейді ардақты ұстаз.


Білікті ұстаз ұжым ортасында беделді, адам­гершілігі мол, мінезі ашық, әрдайым жас ма­ман­дарға көмегін беріп, өз тәжірибесімен бө­лісіп отырады. Ол – теориялық білімі жоғары, са­­бақ беретін сынып оқушыларын өз пәніне қызық­­тыра білетін жаңаша әдіс-тәсілдерін ақ­парат құралдарымен интерактивті тақтаны, элек­тронды оқулықтарды жүйелі түрде пайдаланатын жаңашыл ұстаз. Нәтижесінде оқу­шылары пәндік олимпиада, ғылыми жоба, «Алтын белгі» жүлдегерлері атанып жүр. 2024 оқу жылында сыныбынан 3 оқушысы Алтын белгі иегері атанды. Ұлағатты ұстаз әр сабағында қа­зіргі заман талабына сай оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырып, құштарлығын оятып, жан-жақты ізденуге ұмтылдырады.

Өз ісінің білікті маманы мектептегі қоғамдық жұмыс­тарға да белсенділікпен қатысып, марапат төрінен көрініп, еңбегі еленіп келеді. Атап айтқанда, жаңартылған білім мазмұны жаңа­шылдыққа бастама қашықтықтан оқу форма­тында әдістемелік вебинарда үздік са­бақ көрсеткені үшін марапатталса, 2022 жылы Шаған ауылдық округі әкімінен ұрпақ тәрбие­леу жолындағы елеулі еңбегі үшін Алғыс хат алып, талай жылдар бойғы қажырлы еңбегі баға­ланды. Бұдан бөлек ҚР Астана қаласы «Бастауыш сынып оқушыларына арналған олим­пиада орталығы» атынан Алғыс хатпен мара­пат­талған. Сонымен қатар 2021 жылы Қызылорда облысының білім басқармасы «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары конкурсының жеңім­­пазын дайындағаны үшін Алғыс хатпен марапатталған.


Бақытгүл Ошақбаева – заман талабына сай қоғам­ға лайықты білімді де білікті ұстаз. Саналы ғұмырында балаларға тәлім-тәрбие беріп, қа­жыр­лы еңбек етіп жүрген білікті ұстаздың алтын ұяның өсіп-өнуіне, дамуына, бүгінгідей дәре­же­ге жетуіне қосқан үлесі мен еңбегі орасан зор.

Алтынай Қайратқызы
05 қазан 2024 ж. 133 0