Адамгершіліктің ең жоғарғы үлгісі

Қазан айының алғашқы аптасы – ұлағатты ұстаздар күні. Тарыдай болып кірген мектептен таудай етіп шығарған алтын ұстаздарымның мен үшін орны бөлек. Алғаш мектеп табалдырығын аттаған сәттен бізді өз қанатының астына алып, таудай білім мен жан байлығын бойымызға сіңірткен аяулы ұстаздарыма шын пейілмен алғыс айтамын. Ұстаздар күні мерекесімен барша ұстаздарды және арнайы Т.Қозыбаев атындағы №131 орта мектеп мұғалімдерін құттықтаймын. Құрметті менің аяулы ұстаздарым, отбасыларыңызға береке, дендеріңізге саулық, жұмыстарыңызға шығармашылық табыс, толағай жеңіс тілеймін. Ұрпақ тәрбиелеу ісіне қосып жатқан үлестеріңізге және саналы шәкірт тәрбиелеп жатқандарыңызға мың алғыс! Сіздер берген сарқылмас білімнің арқасында мен Қорқыт ата атындағы университет студенті атандым. Сіздер салған дара жолмен жүріп үлкен өмірге қадам басудамын. «Ұстаздық – ұлы жол» деген. Сол жолдан шаршамай, ерен еңбекпен бар баланы тәрбиелеп, білім нәрін бойға дарытқандарыңызға алғысым шексіз. Білімімен биікке шығарар шәкірттеріңіз көбейе берсін. Сіздердей жанашыр, ұлағатты ұстаздардың шәкірті болу – біз үшін үлкен бақыт. Еңбектеріңіз еселене берсін!
Фариза ЖҰМАТАЕВА,
студент
студент