Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№100 газет

21 желтоқсан 2024 ж.

№ 99 газет

14 желтоқсан 2024 ж.

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Облыстық байқаудан олжалы оралды

Облыстық байқаудан олжалы оралды

Сәрсенбінің сәтті күні облыстан сүйінші жаңалық жетті. Аудан өнерпазы Толғанай Қашақова Жаңақорғанда өткен «Жас маман – 2024» облыстық байқауына қатысып, жүлделі орынға ие болыпты. Руханият пен мәдениетті жандандыру жолында өзіндік үлесін қосып жүрген жас маманның бұған дейінгі жеткен жетістіктері де ауыз толтырып айтарлықтай.

Алдын ала хабарланған байқауға барлығы 7 өнерпазқатысқан. Жаңа­қорған ауданындағы Манап Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйін­де өткен сайыс облыстық халық шығар­машылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы мен Жаңа­қорған аудандық мәдениет үйінің қолдауымен ұйымдастырылған. Кәсіби біліктілігімен дараланған өнерпаздар байқау ережесі бойынша үш кезеңде бақ сынаған.

Алғашқы кезеңде қатысушылар ар­найы видеоролик дайындап, өзі мен қыз­меті туралы таныстырып өткен. Екінші кезеңде «Адал адам тұжы­рым­дамасызаман талабы» тақыры­бы аясында «Адал адам» тұжы­рымдамасының 7 бағыты бойынша атқа­рылған маңызды іс-шараларын слайд арқылы көрермен назарына ұсынған. Алүшінші кезең «Өнерлінің өрісі кең» деп аталып, қатысушылар түрлі жанр бойынша өз өнерлерін ортаға салған.

Сырдария ауданының намысынқор­ғаған Толғанай алғашқы кезеңдер бойын­ша сұлу сөздің мәйегін теріп, өрнек­ті сөзұйқасы мен бейнероликтіқатарүйлестіріп, қарсыластарынан басым түскен. Алүшінші кезеңде Дулат Исабековтің «Актриса» қойылымынқо­йып, кәсіби шеберлігін көрсете білген.

Сайысқа тыңғылықты дайындалдық. Бұлүздік жас мамандарды анықтауға бағытталған облыстық байқау. Менүшінүш кезең бойынша дақиындық туын­дамады. Байқауға кәсіби мамандар қазы­лық етті. Әріптестерімнің қолдауын анық сезіндім. Көмегін аямай, байқау жеңім­пазы атануыма үлесін қосқан өнерпаз әріптестеріме алғысымды біл­діре­мін, – дейді Толғанай.

Байқау нәтижесі бойынша бас жүлдені жаңақорғандық Гүлсінай Қарақбай же­ңіп алған. І орын қармақшылық Аймереке Арыстанбековаға бұйырған. ІІ орын Сырдария ауданының атын шыға­рып, өнерімен дараланған Толғанай Қашақоваға берілген. Ал ІІІ орынды аралдық Ақмарал Серікбаева еншіледі. Жеңімпаздарға арнайы диплом мен қаржы­лай сыйлық табыс етілді.

Айта кетейік, мәдениет саласындағы еңбек жолы 2014 жылдан бастау алған Толғанай облыс, республика көлеміндегі іс-шараларды ұйымдастырып, түрлі мара­пат­тарға ие болып жүр. Әрі мәдениетүйі жанындағы жастар театрыныңәртісі театр сахнасындағы рөлдерімен де аудан жұртшылығына танымал. Қазіргі таңда аудандық мәдениет үйінде көркемдік жетекші маман ретінде жұмыс атқаратын кейіпкерімізді ән мен жырдың ордасы киелі Сыр елі таланттарының ізбасары деуге негіз бар. «Мәдениетмәңгілік, өнерөміршең» деп білетін Толғанайдың толағай жетістіктерге жетіп, биік белес­терді бағындыра беретініне сенім кәміл.

А.МҰХАНБЕТҚАЛИ
28 қыркүйек 2024 ж. 150 0