Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Зерденің» жеңісі – ізденіс жемісі

«Зерденің» жеңісі – ізденіс жемісі

Ауданның мәдениет саласы тағы бір жақсы жетістікке қол жеткізді. атап айтқанда, аудандық мәдениет үйі жанындағы «зерде» жылжымалы мәдени-демалыс кешені облыстық байқау жеңім­пазы атанды. Бұл жолғы байқауды облыстық халық шығар­машылығын дамыту және мәдени-про­дюсерлік орта­лығы ұйымдастырды.

Облыстық байқау барысында жылжымалы мәдени-демалыс кешендері Сыр бойында орналасқан шежірелі елді мекендердің тарихын наси­хаттады. Сондай-ақ мәдени құндылықтарды зерделеу арқылы озық тәжірибелерін көпшілікке паш етті. Білікті мамандардан құралған қазылар алқасы өнер ұжымдарының кәсіби шеберлігі мен тақырыпты ашуына баса мән беріп, жеңімпаздар анықталды.

Онлайн байқау қорытындысы бойынша Сырдария аудандық мәдениет үйі жанындағы «Зерде» жылжымалы мәдени-демалыс кешені жүлделі ІІ орынмен марапатталды. Кешен құрамындағы өнерпаз Ә.Ерғалидің айтуынша, өнер ұжымы аталған байқауға Қалжан ахун ауылының тарихы жөнінде түсірілген бейнебаянды ұсынған. Бейнебаянда киелі мекеннің құрылуы, қалыптасу кезеңі және бүгінгі тыныс-тіршілігі мен алдағы жос­парлары туралы тың мәліметтер айтылған. Атап өту керек, «Зерде» жылжымалы мәдени-демалыс кешені бұған дейін де аудандағы шалғай елді мекендерді аралап, мәдени, тарихи орындар жөнінде іргелі ізденістер жүргізіп келеді. Өнерпаздар Ел Президентінің Жолдауын насихаттауға да белсенді атсалысуда.

Бибісара ЖАНӘЛІ 
10 наурыз 2021 ж. 369 0