Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Халықтық штаб мүшелері денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен кездесті

Халықтық штаб мүшелері денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен кездесті

Бүгін АЭС салуды қолдау жөніндегі республикалық Халықтық штаб мүшелері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мархабат Жайымбетов, Мұрат Әбенов медицина саласының өкілдерімен кездесті.


Кездесуге денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен қатар АЭС салуды қолдау жөніндегі облыстық Халықтық штаб төрағасы Алмасбек Есмаханов, АЭС салуды қолдау жөніндегі аудандық Халықтық штаб төрағасы Ержан Әжікенов арнайы қатысты.

Аудандық аурухананың мәжіліс залында өткізілген кездесуде Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған маңызды мәселенің бірі елімізде АЭС салу бойынша жалпыхалықтық референдум өткізу туралы ақпараттар айтылды. Осы орайда АЭС салуды қолдау бойынша республикада, өңірлерде және аудандарда халықтық штабтар құрылып, тұрғындарға түсіндірме жүргізу жұмыстарын жасауда.

Медицина саласы өкілдерімен басқосуда республикалық штаб мүшесі Мұрат Абдуламитұлы «Корей мемлекетіне сапар барысында сол елдегі АЭС-тің жұмыс жасау принципімен таныстым. Бейбіт мақсатта жұмыс жасап тұрған атом электр станциясының маңында кәсіп те өркендеп жатқанын байқадым. Тіпті, атом электр станцияның жанында саудамен айналысып отырған сатушыларды байқадым. Сол маңдағы азаматтардан сұрағанымда станцияның тұрғындарға тигізетін қаупі жоқ екен. Технологиясы дамыған елдердің АЭС арқылы электр энергиясын өндіріп отырғанына қызықтым. Әрине қазіргі таңда біздің еліміз көршілес елдерден электр энергиясын сатып алуға мәжбүр. Ел бір орнында тұрмай күнделікті демографиялық ахуалымызда жақсарып келеді. Осы ретте, біздің де елімізге АЭС қажет деп есептеймін. Осынау кездесуді пайдаланып, Мемлекет басшысының бастамасын жұмыла қолдауға шақырамын» деді.


Халықтық штаб мүшесі Мархабат Жайымбетов энергетикалық шығындар және электр энергиясын өндірудің басқа да тетіктері тиімсіз жолдарын атап өтті.


«Өздеріңіз білесіздер энергияны өндірудің бірнеше жолдары бар. Су, жел, күн арқылы баламалы энергия көздерін өндіруге болады. Дегенмен табиғат тосын мінез көрсетсе бұлар жұмыс жасамай қалу қаупі басым. Ал, АЭС-тер заманауи технологиямен жұмыс жасайды. Қоршаған ортаға зияндық әсері жоқ. Қазіргі таңда тұрғындар шетелдерде болған АЭС жарыластары туралы көп сөз етуде. Олардың барлығы адами және техногендік сипатта болған. Қазіргі салынып жатқан АЭС-тер 9 баллдық жер сілкінісіне және 400 тоннаға дейінгі соққыға төтеп бере алады. Сондықтан қауіпсіздік жағынан еш алаңдамасаңыздар болады. Бүгінгі күннің күн тәртібіндегі АЭС саламыз ба? Не салмаймыз ба? Деген мәселені шешіп алсақ, кім салатыны келер кезектегі мәселе болады. Осы орайда 6 қазан күні ел болашағы үшін дауыс беруге шақырамын» деді Мархабат Жайымбетов.

Шара соңында сала қызметкерлері сөз алып, АЭС салу бойынша өз ойларын жеткізді.
24 қыркүйек 2024 ж. 113 0