Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№79 газет

05 қазан 2024 ж.

№ 78 газет

01 қазан 2024 ж.

№ 77 газет

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Аудандық халықтық штаб мүшелері мәдениет саласы өкілдерімен кездесті

Аудандық халықтық штаб мүшелері мәдениет саласы өкілдерімен кездесті

АЭС салуды қолдау бойынша аудандық халықтық штаб мүшелері Сырдария ауданындағы мәдениет саласы өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында халықтық штаб мүшелері Е.Жақып, С.Бекжүнісова, С.Қуандықова және Б.Ордабеков сала өкілдеріне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын насихаттады.

Өз кезегінде аудандық халықтық штаб мүшесі Е.Жақып «Атом электр станциялары әлемдегі ең қауіпсіз энеpгия көздерінің бірі болып саналады. Себебі олаpдың қауіпсіздік жүйелері заманауи талаптаpға сәйкес жасалған. Ол еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етіп, электp энеpгиясы тарифтерін тұpақтандыруға мүмкіндік береді», - деді.

АЭС-те қолданылатын III+ буын реакторлары пaссивті және белсенді қауіпсіздік жүйелерімен жaбдықталған, олаp аваpиялық жағдайларды aвтоматты түрде aнықтап, кез келген қaуіпті болдырмaуға aрналған. Мысалы, pеактордың сaлқындату жүйелері электр қуаты болмaған жағдайда да жұмыс істей береді, бұл жүйенің сенімділігін apттырады.

АЭС-тің осы және өзгеде артықшылықтары жайында штаб мүшелері мәдениет саласы өкілдеріне толық ақпарат берді. Ал өз кезегінде кездесуге қатысушылар болашақтың жобасы АЭС-ті қолдайтындарын білдірді.

13 қыркүйек 2024 ж. 252 0