Аудандық халықтық штаб мүшелері денсаулық сақтау саласы өкілдерімен кездесті
Бүгін АЭС салуды қолдау бойынша аудандық халықтық штаб мүшелері Сырдария ауданындағы денсаулық сақтау саласы өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында халықтық штаб мүшелері Б.Өтегенова, Е.Жақып, Ж.Үсенов және С.Маханбетов сала өкілдеріне АЭС салуды қолдау бойынша ауданда халықтық штаб құрылып, аудан тұрғындарымен кездесуді бастағанын жеткізді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын насихаттады.
Өз кезегінде аудандық халықтық штаб мүшесі Б.Өтегенова «Жұртшылық өздеріндегі ең құнды дүниені, яғни денсаулығын Сіздерге сеніп тапсырады. Сіздер қарапайым тілмен жұрттың жүрегіне жеткізе айтып, атом энергиясы төңірегіндегі түрлі мифтерді, күдік пен үрейді кәсіби түрде сейілте аласыздар. Кәдімгі рентген аппаратында тексерілу немесе флюорографиядан өту әлдеқайда зиянды екені белгілі. АЭС салу адамдардың денсаулығына зиянын тигізбейтінін осындай қарапайым мысалдармен жеткізуге болатындығын атап айтты.»
Шара барасында денсаулық сақтау саласының қызметкері А.Құлекеева сөз алып «Мемлекет басшысы халықтың мүддесін қозғайтын мәселелерді үнемі кеңесу арқылы шешіп келеді. Кешегі Жолдауында да елімізде Атом электр станциясын салу мәселесін 6 қазанда жұртшылықпен бірлесіп, референдум арқылы жүзеге асыру керектігін айтты. Сондықтан аталған референдумның еліміз үшін стратегиялық маңызы зор»,-деп атап өтті.