Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№79 газет

05 қазан 2024 ж.

№ 78 газет

01 қазан 2024 ж.

№ 77 газет

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Аудандық халықтық штаб мүшелері білім саласы өкілдерімен кездесті

Аудандық халықтық штаб мүшелері білім саласы өкілдерімен кездесті

Бүгін АЭС салуды қолдау бойынша аудандық халықтық штаб мүшелері Сырдария ауданының білім саласы өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында халықтық штаб мүшелері С.Сәдуақасов, Е.Жақып және А.Ибрагимұлы сала өкілдеріне АЭС салуды қолдау бойынша ауданда халықтық штаб құрылып, түрлі сала өкілдерімен кездесуді бастағанын айтып, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын насихаттады.

Өз кезегінде аудандық халықтық штаб мүшесі С.Сәдуақасов «Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум биылғы 6 қазанда өтеді. Мұны Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында мәлімдеді. Тиісті Жарлыққа қол қойылды. Мемлекет басшысы «Алдағы референдум кең ауқымды жалпыұлттық диалогтың тағы бір айқын көрінісі болмақ» деді. Әрі осындай қадамдар арқылы жаңа қоғамдық-саяси мәдениеттің негізін қаланатынын жеткізді. Қазір дамыған және дамушы 30 мемлекетте 200-ге жуық атом электр стансасы жұмыс істеп тұр. Қазақстанның да экономикасы күн өткен сайын мол энергияны қажет етеді. Мұндай сұранысты атом энергетикасы қамтамасыз ете алатындығын атап өтті.

Іс-шара барасында білім саласының қызметкері А.Нұрабаева сөз алып «Жолдауда айтылған маңызды тапсырмалардың бірі - Қазақстанда алғашқы атом электр станциясын салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум өткізу болды. Бүгінгі таңда еліміз үшін атом энергетикасын дамытудың маңызы зор. АЭС салу бойынша мемлекет басшысы өткен Жолдауында атап өтті. Содан бері еліміздің барлық өңірінде жария талқылаулар өткізілді. Білім саласының өкілі ретінде, болашақ ұрпағымыздың өзгенің энергиясына тәуелділігін жою мақсатында салынатын АЭС болғанын қалаймын», – деп атап өтті.
09 қыркүйек 2024 ж. 297 0