Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Алаяқтардан сақ болуға шақырды

Алаяқтардан сақ болуға шақырды

Сырдария аудандық қоғамдық даму бөлімінің қолдауымен «Сырдария – Нұрдария» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен алаяқтық қылмыстарының алдын алу бағытында кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге құқық қорғау органының, банк саласының өкілдері, ҮЕҰ мүшелері, ардагерлер мен ұстаздар және жастар қатысты.

«Сырдария – Нұрдария» қоғамдық қорының төрағасы М.Омаров алаяқтардың құйтұрқы әрекеттері мен одан сақтану жолдары туралы айтып өтті.

– Қазір БАҚ құралдары мен әлеуметтік желілерде қаржы пирамидасы мен интернет алаяқтан сақтану жөнінде аз айтылып жатқан жоқ. Жұртшылықтың маңдай термен тапқан ақ¬шасын «жылпостар», «әккі айлакерлер» алдап-арбау арқылы жымқырып алуды әдетке айналдырған. Бүгінде екі күннің бірінде осындай интернет алаяқтықтың құрбаны болып жатқандар же¬терлік. Мемлекет басшысы соңғы Жолдауында интернет алаяқтыққа ерекше мән беру керектігін атады. Президент «Интернет және телефон арқылы жасалатын алаяқтық әре¬кеттерге айрықша назар аудару керек. Құқық қорғау органдары мұндай қатерлерді анықтап, қылмыскерлерді құрықтау үшін ақпараттық-сараптама жұмысын күшейтуі қажет. Сондай-ақ, азаматтардың құқықтық және қаржылық са¬уатын жүйелі түрде арттырған жөн» деп, нақты тапсырма жүктеді. Осы ретте, халық алаяқтықпен оңай ақша тауып жүрген қылмыс¬керлердің торына түсіп қалмас үшін құқықтық және қаржылық тұрғыдан сауатты болуы тиіс, – деді Марат Жүсіпәліұлы.

Өз кезегінде «Халық банкі» АҚ Сырдария аудандық филиалының басшысы А.Палымбетов пен аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілі Д.Алиев қаржы пирамидасы мен алаяқ¬тыққа қатысты ел аумағында қылмыстар көбейгенін жеткізіп, қаржылық сауаттылыққа аса ұқыптылықпен қараудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ қаржылық пирамида мен интернет алаяқтықтан сақтануды ескертті. Басқосу барысында қатысушылар аталған мәселелерге қатысты сұрақтарын қойды.

А.ҚҰРМАНАЙТЕГІ
29 шілде 2024 ж. 278 0