Қоғамдық тәртіп сақшыларына түсіндірме жүргізді

– Сыбайлас жемқорлық заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. Онымен күресуді біз қоғам болып қолға алуымыз керек. Ел арасында жүрген полиция қызметкері, қоғамдық тәртіпті сақтаушы азамат ретінде сіздердің атқарар жұмыстарыңыз орасан зор, – деді ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Әбенов.
Осы негізде сөз алған қоғамдық қор төрағасы М.Омаровта жемқорлықпен күресу бұл ел болып бірлесіп атқатарын жұмыс екенін атап өтті. Қоғамдық тәртіп сақшылары бас қосқан жиында сұрақтар қойылып, пікір алмасты.
Майя ҚОЖАБАЙ