ЖАҢА МЕДИА – ЗАМАН ТАЛАБЫ
Жақында Алматыда ХҮІ Еуразиялық медиа форум өткені белгілі. Оған аймақ журналистері қатысып, тәжірибе жинақтады. Медиа форумға қатысқан журналистер білген-түйгенімен бөлісу үшін бүгін Сырдария ауданында «Жаңа медиа – заман талабы» тақырыбында семинар өткізді. Жалағаш және Сырдария ауданы газет ұжымы бірігіп ұйымдастырған кездесуге «Сыр медиа» ЖШС бас директорының орынбасары Қ.Әбдуов, Арал аудандық «Толқын» газеті бас редакторының орынбасары М.Құрманәлі, Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газеті мен Сырдария аудандық «Тіршілік тынысы» газеті ұжымы қатысты.
Кездесуді «Сыр медиа» ЖШС бас директорының орынбасары Қ.Әбдуов ашып, серіктестік тарапынан журналистердің біліктілігін арттыруға зор мүмкіндік жасалып жатқанын айтты. Соның бірі осы Еуразиялық медиа форум екенін жеткізіп, халықаралық медиа алаңнан сала мамандары үлкен тәжірибе жинақтағанын атап өтті.
Өз кезегінде медиа форумға қатысқан «Жалағаш жаршысы» газетінің бас редакторы А.Батырбеков қазіргі ақпараттық қоғамның жедел дамуында журналистің роліне, жаңа медианың талаптарына тоқталды. Жаһанда жаңа медианың серпін алғанын және дәстүрлі журналистикадағы өзгерістерді айтып, газет жұмысы, газеттің сайт жұмысы және тілшілердің біліктілігін арттыруға қатысты ұсыныстарын жеткізді.
Сондай-ақ, медиа форумға қатысқан «Тіршілік тынысы» газеті бас редакторының орынбасары Е.Беркінбаев форумның маңыздылығын айтты. Сонымен бірге, жедел даму үдерісіндегі ақпаратты уақытылы жеткізу – заман талабы екенін тілге тиек етті.
Тәжірибе алмасу кездесуінде "Тіршілік тынысы" газетінің бас редакторы С.Ерімбет және қос басылымның журналистері өз ойларын ортаға салды.
Жалпы, семинар барысында сандық дәуірдің дәурені мен бүгінгі әлемдегі ақиқат трансформациясы, масс-медианың бүгінгі сын-қатерге жауап беруі, әлеуметтік желімен жұмыс, заманауи журналистиканың өзекті мәселелері талқыланып, ұсыныс-пікір айтылды. Кездесуде алдағы уақытта ұжымаралық байланысты өрбітіп, тәжірибе алмасу жұмыстары жалғасатыны айтылды.

«ТТ» ақпарат