Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы тағайындалды

Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы тағайындалды

Сырдария ауданы әкімінің 2024 жылғы 31 мамырдағы №100 өкімімен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы лауазымына Қалдыбаева Анар Сраждинқызы тағайындалды.

Анар Қалдыбаева 1986 жылы Сырдария ауданы ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. Қызылорда гуманитарлық колледжінде «Мәдени ағарту жұмысы және халықтық көркемдік шығармашылық» және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінде «Мәдени тынығу жұмысы» мамандықтары бойынша білім алған.

2008-2009 жылдар аралығында Айдарлы ауылдық клуб үйінде сүйемелдеуші, 2009 жылы клуб үйінің меңгерушісі болып қызмет атқарған.
2014 жылдан бастап осы уақытқа дейін Ғафурдин Жанұзақов атындағы Айдарлы ауылдық клубының басшысы қызметін атқарып келді.
Сырдария аудандық мәслихатының VII-VIII шақырылымының депутаты болып сайланған.

Аудан әкімі бөлім басшысының жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
18 маусым 2024 ж. 123 0