Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сырдария аудандық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы тағайындалды

Сырдария аудандық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы тағайындалды

Кеше аудан активіне аудандық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы таныстырылды.

Сырдария ауданы әкімінің өкімімен Сырдария аудандық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы лауазымына Есенов Бағдат Мырзалыұлы тағайындалды.

Есенов Бағдат 1988 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2010 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Бастапқы әскери дайындық» мамандығы бойынша бітірген.


Еңбек жолын 2010 жылы «Болашақ» колледжінде оқытушы болып бастаған. 2012–2013 жылдары Қармақшы ауданында №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде қазақ күресінен жаттықтырушы, 2013–2014 жылдары Қызылорда облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасында Оқу-спорттық бөлімінің инспекторы, Бұқаралық спорт бөлімінің бас инспекторы, 2014–2017 жылдары №16 Қармақшы ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде оқу ісінің меңгерушісі, 2017–2018 жылдары Қызылорда қаласындағы «Тарлан» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің меңгерушісі қызметтерін атқарған.

2018 жылдың тамыз айынан осы уақытқа дейін «№11 Сырдария ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің директоры лауазымын атқарып келді.


Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
06 наурыз 2024 ж. 216 0