Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сырдария ауданы әкімі аппаратының басшысы тағайындалды

Сырдария ауданы әкімі аппаратының басшысы тағайындалды

Сырдария ауданы әкімінің 2024 жылдың 17 маусымдағы №111 өкімімен Сырдария ауданы әкімі аппаратының басшысы лауазымына Ешниязов Нұржан Ерділдаұлы тағайындалды.

Нұржан Ешниязов 1989 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. «Тұран-Астана» университетін «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша және Еуразия гуманитарлық институтын «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2012 жылы Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бас инженері болып бастаған.

2013-2018 жылдары Ақпараттық технологиялар орталығының эксперті, бөлім басшысы, 2018-2020 жылдары Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасы цифрландыру бөлімінің бас маманы, 2020-2023 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің бас маманы, бас инспекторы қызметтерін атқарған.
2023 жылдан бастап осы уақытқа дейін Қызылорда облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.

Аудан әкімі аппарат басшысының жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
18 маусым 2024 ж. 114 0