Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аманкелді ауылдық округі әкімі аппаратының «Аманкелді ауылдық мәдениет үйі» МКҚК директоры тағайындалды

Аманкелді ауылдық округі әкімі аппаратының «Аманкелді ауылдық мәдениет үйі» МКҚК директоры тағайындалды

Аманкелді ауылдық округі әкімі М.Нұрғалиевтың 2023 жылғы 24 қаңтардағы №20 өкімімен Қалдыбаева Гүлайна Нартайқызы Аманкелді ауылдық округі әкімі аппаратының «Аманкелді ауылдық мәдениет үйі» МКҚК директоры қызметіне тағайындалды.

Қалдыбаева Гүлайна Нартайқызы 1992 жылы 9 мамырда Сырдария ауданы, Айдарлы ауылында дүниеге келген.

Білімі-жоғары, 2007-2011 жылдары М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын, 2012-2014 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген.

Қазіргі таңда «Ақмешіт» гуманитарлық техникалық институтының «мәдени тынығу жұмысы» мамандығында білім алуда.

Еңбек жолын 2011-2020 жылдары Сырдария ауданы, Айдарлы ауылындағы №139 орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған.

2014-2016 жылдары Қызылорда облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының «Сыр сұлуы» ән-би ансамблінің жетекшісі;

2016 жылдан бастап Қызылорда облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының Халық шығармашылығын дамыту бөлімінің маманы қызметін атқарып келді.

Алдағы жұмыстарына сәттілік тілейміз!

Аманкелді ауылдық округі әкімдігі
25 қаңтар 2023 ж. 365 0