Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 53 газет

06 шілде 2024 ж.

№ 52 газет

02 шілде 2024 ж.

№51 газет

29 маусым 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » «Сыр әуендері» байқауы қорытындыланды

«Сыр әуендері» байқауы қорытындыланды

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің, «Шапағат» медалінің иегері, Қызылорда облысының, Сырдария ауданының Құрметті азаматы, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі Рамазан Таймановтың 70 жасқа толу мерейтойына арналған ІІ облыстық «Сыр әуендері» атты сазгерлердің жабық ән конкурсының гала концерті өтті.

Сахна төріне көрермендердің ыстық қошеметіне бөленген композитор Рамазан Сағындықұлы мен ІІ облыстық «Сыр әуендері» атты сазгерлердің жабық ән конкурсына қатысып, жүлделі орынға ие болған талапкерлер шақырылды. Сазгерлерді байқаудың қазылар алқасының төрағасы Рамазан Тайманов құттықтап, қазақ өнеріне қолдау білдіріп, музыка кешін ұйымдастырған аудан әкіміне алғысын білдірді. Өз кезегінде аудан әкімі Берік Сәрменбаев мерейтой иесін құттықтады.

– Рамазан Сағындықұлы – еліміздің мәдениет және өнер саласында жүріп адами асқақ қасиеттерді бойына сіңіріп, халықтың ыстық ықыласына бөленген азамат. Алматыда музыкалық училищеде, кейін Қызылорда мемлекеттік университетінде білім алып, туған жерде еңбек жолын бас­тады. Тереңөзек кентіндегі кәсіптік-техникалық училищеде «Гүлдерайым» ансамблін құрып, облыстық, аудандық байқауларға қатысып, жүлделі орындар иеленді. Аудандық мәдениет бөлімінде автоклуб меңгерушісі болып, сала жұмысын жандандыруға үлес қосты, – деген аудан әкімі сазгердің халық руханиятын өркендету жолында атқарған жұмыстары мен елеулі марапаттарын атап өтті және мерейтой иесіне аудан халқының атынан тұлпар мінгізді.

Жеңімпаздарды композиторлар Рамазан Тайманов пен Сәбит Ұлықпанұлы марапаттады. Балалар тақырыбы бойын­ша жүлделі үшінші орынмен және 50 мың теңгелік қаржылай сыйлықпен қызылордалық Еркебұлан Молдажанұлы, қармақшылық Қанат Туребеков және қызылордалық Нұрсәуле Қалмаханова марапатталды. Екінші орын және 100 мың теңгелік сыйлықты қызылордалық Талғат Нағашыбаев алса, бірінші орын және 150 мың теңге жаңақорғандық Бақыт Бидашқа бұйырды. Еркін тақырып бойынша жүлделі үшінші орынмен жаңақорғандық Оразғали Бидашев және қазалылық Жібекәлі Бектұрғанов, екінші орынмен қызылордалық Ғайния Дауылбаева, бірінші орынмен қазалылық Сәкен Кермеш марапатталса, бас жүлдені қызылордалық композитор Талғат Нағашыбаев иеленді. Композиторларға тиісінше қаржылай сыйлық берілді.

Бибісара ЖАНӘЛІ
04 маусым 2024 ж. 91 0