ӘНШІ ЖЕҢІС ЫСҚАҚОВАҒА "СЫРДАРИЯ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ" АТАҒЫ БЕРІЛДІ
Өнер мен мәдениеттің түпқазығы саналатын серпінді Сырдария ауданының тумасы, дарынды әнші Жеңіс Ысқақоваға "Сырдария ауданының Құрметті азаматы" атағы берілді.
Мерейтой аясында ұйымдастырылған гала концертте әншіге құрметті атақты аудан басшысы табыс етті.
Қазақстанның эстрада жұлдызы Жеңіс Ысқақова өнер саласындағы еңбегін елеп, құрмет көрсеткені үшін аудан басшылығына, жерлестеріне алғысын білдірді.
Айта кету керек, әнші Жеңіс Ысқақова 1966 жылы 9 мамырда Қызылорда облысы Сырдария ауданында дүниеге келген. Ол 1984 жылы Сырдария аудандық мәдениет үйінің автоклуб меңгерушісі әрі композитор Рамазан Тайманов құрған ансамбль солисті болып алғашқы еңбек жолын бастаған. Жерлестер мақтанышына айналған әнші 2005 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағын алған.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.