Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 57 газет

02 тамыз 2025 ж.

№ 56 газет

29 шілде 2025 ж.

№ 55 газет

26 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Күрделі қызметте тәжірибесі толысқан медбике

Күрделі қызметте тәжірибесі толысқан медбике

Медицина саласында адам жанына араша түсетін ақ халатты жандардың еңбегі ерекше екені даусыз.

Тынымсыз еңбекпен алғаусыз алғысқа бөленетін орта буын қызметкерлері әрбір бөлімшедегі ауыртпалықты көтере біледі. Шын мәнінде, медбикенің табандылығы мен қажырлығының арқасында медицина саласының сан бағыттағы жұмысы өнімді болары сөзсіз. Бұл ретте, соңғы 36 жылда аудандық ауруханада қызмет етіп келе жатқан Гүлшара Байкенжеева қашанда әріптестері арасында сый-құрметке ие.

Негізінен, Гүлшара Жолдасбекқызы осыдан 56 жыл бұрын Сырдария ауданында дүниеге келген. Алғашқы еңбек жолы Семей қаласында бастау алған медбике араға 1 жыл салып туған жерге оралады. Ең алдымен, басшылық жас медбикені «Жан сақтау» бөлімшесінде жұмысқа орналастырады. Ауыр хәлдегі науқастарды емдеп-жазуға үлесін қосқан Гүлшара Жолдасбекқызы сол кезде 20 жастағы бойжеткен болатын.
– Мендицина саласы қашанда адамға асқан төзімділікті, мықтылықты қажет етеді. 17 жыл бойы «Жан сақтау» бөлімшесінде қызмет еткен сәтте үлкен буынның ақылын тыңдап, тәжірибе жинақтай білген едік. Кейіннен «Хирургия» бөлімшесіне ауысып, күрделі жұмыста барынша дағдылана алдық. Әрбір науқастың жағдайын саралап, диагнозына байланысты ем-шара жүргізу – маңызды рөл ойнайды. Әріптестеріммен бірге аудан медицинасының жұмысын ілгерілетуге барымды саламын, – деді тәжірибелі медбике.

Бүгінде біздің кейіпкеріміз – жолдасымен бірге 1 қыз, 2 ұлдан 6 немере сүйіп отырған ардақты ана, аяулы әже.
29 сәуір 2024 ж. 243 0