Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тазалық – табалдырықтан басталады

Тазалық – табалдырықтан басталады

Ауданда "Санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру" екі айлығы аясында сенбілік өтті.

Сенбілікте аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысуымен "Тағзым" алаңында тал егілді. Аудан басшысы жергілікті тұрғындарға көркейту іс-шарасының маңыздылығын атап, тазалық акциясына белсенді қатысуға шақырды.

Қазіргі таңда негізі су арналарын тазартуға күш жұмсалуда. Өйткені, жақын арада каналдарға су жіберілгенде, қыс бойы ішіне жиналған қоқыстар су ағысына кедергі келтіреді. Осы ретте, каналдар арқылы аяқ су жеткізілетін арықтарды тазалау жұмыстары жүргізілді.

Бұдан бөлек, сырдариялықтар тиісті көшелерде ағаштарды әктеп, санитарлық тазалық жұмыстарында белсенділік танытты.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

31 наурыз 2024 ж. 342 0