Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Жаппай сенбілік ұйымдастырылды

Жаппай сенбілік ұйымдастырылды

Сенбі күні санитарлық талаптарды сақтай отырып, ауданда жаппай сенбілік ұйымдастырылды. Аудандағы мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен тұрғындар сенбілікке белсенділікпен атсалысып, көркейту-көгалдандыру жұмыстарын жүргізді.

Тазарту шарасында әрбір мекеме қызметкерлері өздеріне бекітілген көше бойына тазарту жұмыстарын жүргізіп, шөп-шалаңды шауып, қоқыстарды жинады. Қазіргі таңда негізі су арналарын тазартуға күш жұмсалуда. Өйткені, жақын арада каналдарға су жіберілгенде, қыс бойы ішіне жиналған қоқыстар су ағысына кедерге келтіреді. Оның үстіне, қоқыстан ластанған судың тұрғындарға тигізетін зияны көп. Осыған байланысты мекеме қызметкерлерінің көбісі кент орталығымен өтетін су жолдарын тазартуға күш салды.

Бұдан бөлек, тұрғындар Тереңөзек кентіне кіреберістегі А.Иманов көшесіне тазарту жұмыстарын жүргізді. Оған қоса, басқа көшелерде ағаштарды әктеп, санитарлық тазалық жұмыстарына белсене қатысты.

Ердос БЕРКІНБАЕВ 
18 сәуір 2021 ж. 1 092 0