Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Орталық өнерпаздары мерекеде өнер көрсетуде

Орталық өнерпаздары мерекеде өнер көрсетуде

Елімізде «Әз-Наурыз» мерекесі жаңа форматта тойланып, ел-халық рухани құндылық мен дәстүр сабақтастығын жаңғырту үстінде. Әрине, мәдени-көпшілік іс-шаралар барысында өнерпаз өнер көрсетіп, халықтың көшеметіне бөленуде. «Сұлу-ай» шығармашылық өнер орталығының ұстаздары мен өнерлі өрендері жаңғыру мен жаңарудың мерекесіне белсенді қатысуда.

Анығын айтқанда, Сырдария ауданына қарасты орталықтың үйірмелері ашылған елді мекендерде талантты балалар мерекенің жоғарғы деңгейде өтуіне үлес қосуда. Мәселен, қол өнер шеберлеріміз аудан орталығында өткізілген іс-шара аясында білікті мамандармен тәжірибе алмасты. Сонымен қатар «Көркем сөз оқу», «Шешендік өнер» үйірмесінің мүшелері қазақылық болмыстың айшықты көрінісін ерекше саханалай алды.

Мың бұралған бишілер мен әншілер қауымы да, сахна көркін қыздара білді. Ал хор ұжымы мен домбырашылар халық ықыласына бөлене білді.

– Наурызнаманың 10 күнінде біздің өнерпаздарымыз әрбір елді мекенде өткізілген мерекелік іс-шараларда көпшілікке өнерлерімен танылуда. Ұстаздардың білімі мен шығармашылық деңгейінің арқасында орталық өнерпаздары өнерін шыңдап, білімін жетілдіруде. Өз кезегінде наурызнаманың кез келген күнінде ұлттық әдет-ғұрпымыз, салт-дәстүріміз өзгеше жаңара түскенін анық сезінеміз. Бұл ретте, мерекемен көпшілікті құттықтаймын, – деді орталық құрылтайшысы Анар Қалдыбаева.

Фото: Ашық дереккөзден

21 наурыз 2024 ж. 244 0