Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Өнерлі өрендердің ордасы

Өнерлі өрендердің ордасы

Жақында Айдарлы ауы­­лына жұмыс сапа­рымен ау­­дан әкімі М.Ергеш­баев барды. Елді мекенде ауыл тұрғын­дарымен кездескен ау­дан басшысы «Сұлу-ай» шығар­машылық өнер ор­та­лы­ғының жұмысымен та­нысты.

Осыдан 4 ай бұрын жұмысын бас­таған «Сұлу-ай» шығармашылық өнер ор­та­лығында 26 үйірме бойынша та­лантты балалар тәрбиеленуде. Үйірмелер ауданға қарасты 8 ауылда шо­ғырланған. Үйірмелерге білікті мамандар жетекшілік етіп, өнерлі өрендерге сабақ беруде. Өнер ор­т­а­лығындағы үйірмелер қыз­меті­мен танысқан аудан басшысы шы­­ғармашылық өнер орталығының жұ­мы­сын жоғары бағалады.

– Мәдениет саласында жыл са­йын жаңа реформалар енгізілуде. Ел Пре­зиденті Қ.Тоқаев «Жа­ңа жағ­­­дайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жол­­­дауы аясында бұл жоба өнерлі балғын­дар үшін қызмет көрсетуде. Балаларды спортқа, өнерге баулып, жастарды жан-жақты тәрбиелей бі­л­уіміз керек. Жастардың үйірмеге қатысып, аудан мәдениетінің дамуына үлес қосқаны құптарлық іс. Шын мәнінде, Сіздердің қызметтеріңіз үл­кен жауапкершілікті талап етеді. Ал­дағы уақытта орталық жұмысына сәт­тілік тілеймін, – деді аудан әкімі.

Өз кезегінде аудандық мәсли­хат депутаты, «Сұлу-ай» шығарма­шылық өнер орталығының құрыл­тайшысы Анар Қалдыбаева өнер орталығында жүзеге асырылып жат­­қан жобаларды, шығармашылық ұжым­ның мақсат-міндетін айтып бер­ді.

– Тың жобаны қолға алмас бұ­рын ба­лаларға берер пайдасын зерделеп шықтық. Қазіргі таңда әрбір ауылда үйірме жұмыстары тұрақты түрде жүзеге асуда. Жекелеген өнер­­паздарымыз рес­публикалық дең­гейде байқаулардан же­ңімпаз атануда. Ендігі кезекте әр ауылдан ашылған үйірмелердің мате­р­иалдық базасын кеңейту бо­йынша жұмыстар жүргізілуде. Сонымен бір­ге балаларға арналып сахналық киім­­дер тігіледі. Біздің орталықта кәсіби біліктілігі жоғары мамандар шәкірт тәр­биелеуде. Алдағы уақытта тынымсыз еңбектің нәтижесін бірге көреміз деген үміт­теміз, – деді Анар Қалдыбаева.

Айта кету керек, өнер орталы­ғының талантты жастары жоғары жетістікке қол жеткізуде. Жас домбырашы Дәулетхан Көзейбай жас өнерпаздар бәсекесінде топ жарды. «Мәңгі жаса – жаңғырған ұлы далам» тақырыбында өткізілген ІІ республикалық рухани-патриоттық байқауда және республикалық «Сал домбыра» байқауында жүл­де­лі І орын иеленді. «Домбыра» үйір­­месінің мүшесі Жібек Сейдул­­­­­­­ла рес­публикалық VI «Жарық жұл­дыз» балалар өнер байқауынан ІІ орынды жеңіп алды. Шығармашыл жас­­тар Асылым Сұлтано­ва, Айнұр Нұрланқызы, Ақ­бо­та Ермаханова, Дамир Сүйіндік түрлі байқаулардың жеңімпазы атан­ды
.

"
16 сәуір 2022 ж. 657 0