Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » » Дәулетхан – біздің мақтанышымыз!

Дәулетхан – біздің мақтанышымыз!

«Сұлу-ай» шығармашылық өнер орталығының талантты шәкірті Дәулетхан Көзейбай жас өнерпаздар бәсекесінде топ жарды. Жас домбырашы «Мәңгі жаса – жаңғырған ұлы далам! тақырыбында өткізілген ІІ республикалық рухани-патриоттық байқауына қатысып, жүлделі І орын иеленді. «Домбыра» үйірмесінде дәріс алатын Дәулетхан Көзейбай байқауға онлайн форматта бақ сынады. Жас өнерпаздың жетекшісі – Бекжан Жұмабаев. Өз кезегінде білікті маман шәкіртінің жетестігі үшін арнайы "Алғыс хат" пен "Шығармашыл педагог" номинациясы аясында "Диплом" иеленді.

– Сұлу-ай» шығармашылық өнер орталығының шәкірттері жылды табысты бастап отыр. Дәулет Көзейбай кіл мықтылар арасындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Бұл ретте, жетекшісінің еңбегі зор. Жыл көлемінде өнерпаздар түрлі деңгейдегі байқауларға қатысатын болады. Әрине, өнерліге есік ашық. Қабілеттерін барынша шыңдауға дайынбыз. Ұстаздарымыз «Ата өнері – балаға мұра» екенін жақсы біледі, – дейді Сұлу-ай» шығармашылық өнер орталығының Анар Қалдыбаева.
17 қаңтар 2022 ж. 671 0