Өнерге әркімнің де бар таласы
Аудандық мәдениет үйінде «Балалар жылы» аясында Бесарық ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Өнерпаз болсаң арқалан» тақырыбында байқау өткізілді.
Іс-шара барысында ауыл өнерпаздары жоғары деңгейде өнер көрсетті. Өз кезегінде талантты жастар халық композиторларының әндерін шырқады. Дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан өнер фестивалінде «Сұлу-ай» шығармашылық өнер орталығының «Ұлттық би» мүшелері сахналық қойылым қойды.
– «Балалар жылы» аясында көптеген жобаларға иек артып келеміз. Берекелі Бесарық ауылында балаларды өнерге баулу тұрақты түрде жүзеге асады. Шын мәнінде, үлкен сахнада өнер көрсету арқылы балалар қабілетін аша түсеміз. Бүгінгі өнер фестивалінде ауылымыздың атын шығарып жүрген жас өрендер көрермен қошеметіне ие болды. Өнерлі өрендерге қолдау көрсеткен аудан халқына алғыс айтамыз, – деді Бесарық ауылдық мәдениет үйінің директоры Абзал Молдашев.
Айдана ҚАЛИЕВА