Тәрбиелік бағытта кездесулер өткізілуде
Бала тәрбиесі – қоғамның өзекті мәселесі. Сондықтан аталған жағдайға бей-жай қарамау үнемі айтылып, күн тәртібінен түспей келеді. Ол үшін арнайы жиындар өтіп, кездесулер тұрақты ұйымдастырылуда.
Осы ретте, облыс әкімінің тікелей тапсырмасына сәйкес, аудан әкімдігінің жанынан жұмысшы тобы құрылып, барлық мектептің жоғары сынып оқушыларымен кездесулеп өткізіліп жатыр.
Жұмысшы топқа аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев жетекшілк етіп, аудандық прокуратура, білім, аурухана және полиция қызметкерлерінің, ардагер ұстаздар, әкелер кеңесінің төрағалары, аналар кеңесінің төрайымдары және ата-аналар комитетінің төрағаларының қатысуымен тәрбиелік бағытта түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жоғары сыныптың ер және қыз балаларымен бөлек өткізілетін кездесулерде ер балаларға патриоттық бағытта насихат жұмысы жүргізіліп, нашақорлықтың, буллинг пен кибербуллингтің, суицидтің және түнгі жүріс, топтық төбелестің, лудомания, электроны вейптің зияны, әлімжеттік мәселелері айтылса, қыз балалармен әдеп пен сыпайылық, тазалық пен адамгершілік мәдениетін қалыптастыру және олардың бойында үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын жөнінде түсіндірілді.
Ел ағалары оқушыларды жігерлі сөздерімен қанаттандырып, салауатты өмір салтын ұстануға, еркін ойлы шығармашал азамат болуға шақырды.