Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » 21885 гектар күріш егіледі

21885 гектар күріш егіледі

Аудан әкімі Б.Сәрменбаев­тың төрағалығымен аудан әкімдігінің кезекті аппарат отырысы өтті.

Аппарат отырысына аудандық мәслихат төрағасы Е.Әжікенов, аудан прокуроры А.Кема­лов, аудандық полиция бөлімінің бас­тығы Ғ.Тұрсекеев, кент және ауыл әкім­дері, дербес бөлімдер мен коммуналдық сала басшылары қатысты.

Мәжілісте күн тәртібіне сәйкес 2 мәсе­ле қаралды. Алдымен аудандық білім бөлімі­нің басшысы Берік Жәнібековтің «Жасөс­пі­рім­дер арасында құқық бұзушылық пен қыл­мыстың алдын алу бағытында атқарылған про­филактикалық жұмыстары туралы» хабар­ламасы тыңдалды.

Бөлім басшысы ағымдағы жылы ата-аналармен жұмысты күшейту, ата-аналар ко­­митетінің, әкелер кеңесінің беделін арттыру, ата-аналар институтын құру мақсатында атқарылған жұмысқа тоқталды.

Аудандағы барлық білім беру ұйым­да­рында мектеп және ата-ананың жауап­кершілігін күшейтуді көздейтін мектеп пен ата-ананың өзара іс-қимылының жаңа «Оқу­­шы-мектеп-ата-ана» өзара ықпал­дас­ты­­ғымен жұмыстар жасалуда. Ата-аналар­ға кеңес қызметін әдістемелік қамтама­сыз ету мақсатында «Отбасы – мектеп», «Мек­теп өмірінің бір күні» атты жоба енгізілген. Рухани-адамгершілік тәрбие беру, адам­зат­тық құндылықтарды дамытуда «Ата-ана­лар комитеті», «Әжелер мектебі», «Әкелер кеңесі», «Аналар академиясы» бастамаларымен жұмыстар жүргізілуде. Осы бағытта бүгінгі күнге дейін ата-әжелер, әке-ана­лар­дың қатысуымен 75 шара өткізіліп, оған 1500 оқушы қатысқан.

– Балалардың жан-жақты тұлға болып қалыптасуына, шығармашылық шыңға же­туіне қосымша білім беру жүйесінің ат­қарар рөлі зор. Бүгінгі күні аудандағы 5 қосымша білім беру ұйымы мен оның филиалдарына 1389 бала қамтылған. Аудандық спорт мек­тептеріне 1426 бала тартылған. Сонымен қатар мектептердегі үйірмелерге 3890 бала қамтылып отыр. Аудан бойынша 5316 бала қосымша білім беру ұйымдары мен мектеп жанындағы спорттық секция мен шы­ғармашылық үйірмелерге қатысады.

Балалар мен жасөспірімдер арасындағы қаңғыбастық пен қадағалаусыздықтың, құ­қық бұзушылық, суицид, зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында ведомствоаралық іс-шаралар жоспары бекітілді. Ағымдағы жыл­дың сәуір айында аудан әкімінің сала­лық орынбасарының төрағалығымен жұмыс­шы тобы құрылып, барлық мектептің жоға­ры сынып оқушыларымен кездесулер ұйым­­дастырылды. Ардагер ұстаздар, әке­лер ке­ңесінің төрағалары, аналар кеңесі­нің төра­йымдары, ата-аналар комите­ті­нің төр­аға­ла­ры, аурухана және полиция қызмет­­кер­­лерінің қатысуымен жоғары сынып­тың ер және қыз балаларымен бөлек өткізі­летін кездесу барысында ер балаларға пат­риот­­тық бағытта насихат жұмысы жүр­гі­­зіліп, нашақорлықтың, буллинг пен ки­бер­­буллингтің, суицидтің және түнгі жүріс, топ­тық төбелестің алдын алу бағытында түсін­дірме жұмысы жүргізілді. Ал қыз балалармен әдеп пен сыпайылық, адамгершілік мәдениетін қалыптастыру және олардың бо­йында үлкен жауапкершіліктің тұрғандығы жөнінде түсіндірілді, – деді бөлім басшысы Берік Съездұлы.

Сонымен қатар ауданда «Түнгі қала­дағы балалар» профилактикалық шарасы бойынша күн сайын еріктілердің кезекшілігі ұйымдас­тырылуда. Ауданда 150 рейдке 600 адам қамтылған.

Полиция бөлімімен бірлескен профилак­ти­­­калық рейдтермен есепті кезеңде бей­мезгіл уақытта жүріп тіркелген оқушылар болмаған. Сондай-ақ құқық бұзу­шылық­тардың теріс әсерін білім алушылар назарына тиімді жеткізу мақсатында әлеуметтік желілерде «Кибербуллинг», «Ба­ла тәр­биесі», «Электронды темекі», «Құмар ойындар» тақырыптарындағы бейнеролик­тер жа­рия­ланған.

Білім бөлімінің басшысы өз хабарламасында аудан­дық полиция бөлімінің про­филактикалық есе­бінде 2021-2022 оқу жылында 7 оқушы болғанын, ағымдағы оқу жылында 6 оқушы алынғанын айтты.

– 2022-2023 оқу жылында мектепішілік бақылауға 29 оқушы алынған. Тәртібі қиын немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасаған әрбір оқушы мектепішілік бақылауға алынады. Мектепішілік есептегі балалармен сынып жетекшілер мен педагог-психологтар жекелей жұмыстар жасаса, жүріс-тұрыстары қатаң бақылауға алынып, ата-аналарымен тікелей байланыс орнатылған. Осал топтағы қолайсыз отбасындағы балалар, мектепіші­лік бақылаудағы, полиция органдарында есепте­гі балалардың үйірмелер мен секцияларға қамтылу саны бақылауға алынған. Барлық бала үйірмелер мен секцияларға тартылған. Мектептерде есептегі балаларға кейс ашылып, қажетті әлеуметтік және психоло­гия­лық-педагогикалық қолдау жұмыстары жүр­гізіледі. 2022 жылы аяқталған 1 суицид фак­тісі орын алып, бірқатар жауапты тұл­ғалардың тәртіптік жауапкершіліктері қа­ралды, – деді бөлім басшысы.

Десек те, ата-аналар тарапынан балаларды қадағаламау, балаларының тәрбиесімен айналыспайтын отбасының деректері де кездесіп келеді. 1 жасөспірім қыз (кешкі мектептің 10 сынып оқушысы) анасының қа­да­ғалауынсыз қалып, бірнеше мәрте үйінен кетіп, қаңғыбастыққа салыну фактісі тір­келген. Оқушы Қызылорда қаласындағы девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мектепте орналастырылған.

Аппарат мәжілісінде білім беру ұйым­дарында құ­қық бұзушылықтарды болдырмау үшін қо­сымша ұсыныстар айтылды. Атап айтқанда, мемлекеттік және мемлекеттік емес жұмыс орындарында ата-аналарға арналған «Тәр­бие сағаттарын» енгізу. Психологтар мен тәрбие мамандары және әлеуметтік қыз­мет­керлер арқылы тәрбие сағаттарында ата-аналарға пайдалы кеңес берілетін болады. Мектептерде өткізілетін ата-аналар жиналысы мен тәрбие шараларына мемлекеттік мекемелердегі ата-аналардың қатысуын қам­­тамасыз ету. Себебі мектепішілік іс-ша­раларға мемлекеттік мекемелердегі ата-ана­­лардың қатысу көрсеткіші әлі де төмен дәре­жеде.

Айту керек, 2022 жылы білім мекеме­лерінде оқушылар арасында туындайтын даулар мен жанжалдарды шешу, қалпына кел­тіруге негізделген медиация қызметі іске қосылды.

Аппарат мәжілісіндегі екінші мәселе бо­йынша аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Нұр­бол Жұмабеков хабарлама жасады. Бө­лім басшысы көктемгі дала және егін егу жұмыс­тарының барысы туралы баяндады.

2023 жылға аудан бойынша жалпы 33919 гектар жерге ауыл шаруашылығы да­­қылдарын орналастыру межеленіп отыр. Оның ішінде негізгі дақыл – күріш 21885 гектар, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 1157 гектарға артық, жаздық бидай 1681 гектар, өткен жылы 2119 гектар, яғни 438 гектарға кем, мақсары 250 гектар, сүрлемдік жүгері 80 гектар, жаңа жоңышқа 1828 гектар, картоп, көкөніс бақша барлығы 1124 гектар, ескі жоңышқа 7071 гектарды құрап отыр.

Бүгінгі күні ауыл шаруашылығы құры­лымдарында жалпы 3706 гектар ақ егіс егілген. Оның ішінде 180 гектар мақсары, 1683 гектар жаздық бидай, 15 гектар арпа, 1828 гектар жаңа жоңышқа орналастырылған. Сондай-ақ негізгі дақыл күріштің 7537 гектары егіліп, 5285 гектары суға бастырылыпты. Биылғы жылдың күріш егісіне қажетті 10010 тонна минералдық тыңайтқыштар толық сатып алынған.

2023 жылы мемлекеттік жер қорларынан 1800 гектар, шаруашылық құрылымдары жерлерінен 1000 гектар жер саяқ шегіртке дернәсілдеріне қарсы өңдеу жұмыстары болжанып отыр.

Көктемгі дала жұмыстарына жүргізуге барлығы – 758 дана ауыл шаруашылығы техникалары қатысуда. Бүгінгі күнге «Шіркейлі» каналымен 52 текше метр, «Айтек» каналымен 19 текше метр, «Елтай» каналымен 2,7 текше метр, «Соркөл» каналымен 0,5 текше метр егіске су жіберілуде. Шаруашылық құрылымдарында 35 дана, «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалында 13 дана, ауылдық округтерде 30 дана, аудан бойынша бар­лығы 78 насос қондырғысы каналдар мен қашыртқылар бойына орналастырып, егіске су алу көзделіп отыр.

– 2023 жылы елді мекендерді экологиялық аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында «А.Тоқмағамбетов ауылдық округінде ор­наласқан «Қашыртқы» (3,8 шақырым), Аманкелді ауылдық округіндегі «Хозцентр» (2,2 шақырым), Жетікөл ауылындағы «Жыңғылдыкөл» (6,5 шақырым) каналда­рын механикалық тазалау жұмыстарын жүр­гізу жоспарлануда. Биыл 6 каналға жобалық-сметалық құжат әзірлеу үшін облыстық бюджеттен 8,3 млн теңге және елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында 4 дана насос қондырғысын алу үшін облыстық бюджеттен 52 млн теңге қаржы бөлінді. Көктемгі егін орналастыруға дайындық жұ­мыс­тары толығымен бақылауға алынып, қа­дағалануда, – деді бөлім басшысы.

Cонымен қатар азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тұрғындардың өзін-өзі әлеуметтік маңызы бар картоп, көк­өніс, бақша өнімдерімен қамтамасыз ету мақ­­сатында 2022 жылы 210 гектар қосымша жер ашылып берілсе, осы жылы 105 гектар қосымша жер ашылып, барлығы – 315 гектарға бақша өнімдерін егуге мүмкіндік жасау жоспарланған. Бүгінде 315 гектар жер анықталып, 178 гектар жер дайындалған.Бөлім басшысының мәліметінше, кент жә­не ауылдық округтер бойынша 799 адам егін егуге ынталы болып отыр. Алайда бүгінгі күнге бекітілген жоспардан Ақжарма ауылдық округі 10 гектарға, Тереңөзек кенті 9 гектарға, С.Сейфуллин ауылдық округі 6 гектарға аз ұсынған. Бұл өз кезегінде облыс әкімдігінің егіс көлемін 50 пайызға ұлғайту жөнінде берген тапсырмасын орындауға кері әсерін тигізуде.

Аудан басшысы атқарылған жұмыстар мен нәтижелерді қорытындылай келе, ал­да­ғы уақытқа жоспарланған атқарылуы тиіс жұ­мыстарды межелеп, жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар берді.

Бибісара ЖАНӘЛІ

Фото: ашық дереккөзден
11 мамыр 2023 ж. 209 0