Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Құжаттарды апостильдеуге қалай тапсыруға болады?

Құжаттарды апостильдеуге қалай тапсыруға болады?

Апостиль дегеніміз - құжатқа қол қойған адамның қолын және оның өкілеттіктерін, сондай-ақ осы қағаз немесе электрондық нысандағы құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалығын растайтын арнайы мөртаңба.

Апостиль қою рәсімінің мақсаты-Гаага конвенциясына қатысушы елдердің аумағында қолданылатын түпнұсқалығы мен құжаттарға апостиль қоюды тиісті түрде рәсімдеуді қамтамасыз ету.

1961 жылы 5 қазандағы Гаага конвенциясына сәйкес, басқа бір мемлекеттің аумағында пайдалануға арналған, белгілі бір мемлекеттің өкілетті органдар берген құжаттарда арнайы мөртабан (апостиль) қойылады.

Құжаттарды апостильдеуге өтінішті екі тәсілмен беруге болады:

1. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы;

Өтініш беруші (немесе сенімхат бойынша өкілі) келесілерді ұсынуы қажет: белгіленген нысандағы өтініш; жеке басын куәландыратын құжат (қағаз жүзінде немесе цифрлық құжаттар сервисі арқылы электрондық құжат түрінде); апостильдеуге жататын құжаттың түпнұсқасы;

2. eGov электрондық үкімет порталы арқылы Келесілер жүктеледі: өтініш берушінің ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық сұраныс;

Апостильдеуді талап ететін құжаттың электрондық көшірмесі;

Мемлекеттік баж салығын төлеу және жеке басты куәландыру туралы мәліметтер мемлекеттік ақпараттық жүйелерден автоматты түрде сұратылады.

Сурет: Нұрболат НҰРЖАУБАЙ


Дархан КҮЗЕРБАЕВ,
Сырдария аудандық соты әкімшісінің
жетекші маманы

27 қазан 2026 ж. 60 0