Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Олжас Бектенов: Тәртіп болмаса, басқа мақсаттарға қол жеткізу мүмкін емес

Олжас Бектенов: Тәртіп болмаса, басқа мақсаттарға қол жеткізу мүмкін емес

Премьер-министр Олжас Бектенов «Заң мен тәртіп» конституциялық қағидатын жүзеге асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Заң мен тәртіп» – қазіргі таңда ең жоғарғы конституциялық деңгейде бекітілген мемлекетіміздің негізгі қағидаттары. Президентіміз үнемі айтатындай, нағыз патриот ол – бірінші кезекте заңға бағынатын, тәртіпті сақтайтын, тазалықты бағалайтын, табиғатты аялайтын еңбекқор, білімді азамат. Сондықтан дәл осындай құндылықтарды бәріміз кеңінен насихаттауымыз, ілгерілетуіміз қажет. Тәртіп болмаса, елімізде экономикалық, әлеуметтік, саяси, басқа мақсаттарға қол жеткізу мүмкін емес», деді Олжас Бектенов.

«Заң мен тәртіп» қағидаты заңдылық пен қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталғаны атап өтілді, ал ведомствоаралық комиссия мемлекеттік органдардың құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жұмысын үйлестірумен айналысады.

Жиында «Заң мен тәртіп» идеологиясын қоғамда ілгерілету жөніндегі тұжырымдамадағы іс-шаралардың орындалу барысы және құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі шаралар қаралды.
27 қазан 2026 ж. 46 0