Сот белгілеген ерекше талаптарды бұзған
Сырдария аудандық сотында азамат К.-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 669-бабының 3-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.Аудандық соттың қаулысымен азамат К.-ның мінез-құлқына үш ай мерзімге алкогольдік ішімдік ішуге, есірткі, психотроптық заттарды қолдануға толық көлемде тыйым салуды көздейтін ерекше талаптар белгiленген.
Алайда, К. алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйінде полиция қызметкерлеріне ұсталып, мінез-құлқына сот белгілеген ерекше талаптарды бұзған.
Сот отырысында оның құқық бұзушылық әрекеті, өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.
Сот қаулысымен К. ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.
Сурет: Нұрболат НҰРЖАУБАЙ
Сырдария аудандық соты










