Тәртіп пен тәрбие басты орында

Ұлдар мен қыздарға бөлек өткізілген кездесулерде балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, буллинг, лудомания, электронды вейп және нашақорлық, әлімжеттік пен топтық төбелестің, ерте жүктіліктің алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Қазіргі таңда тәртіп пен тәрбие басты орында. Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтарға жол берілмеу керек. Бұған қоғам жауапты. Сондықтан кездесуге қатысушылар оқушыларға сапалы білім алуды, тәрбиелі болуды, жат әдеттерден сақтануды айтты. Ел ағалары оқушыларды жігерлі сөздерімен қанаттандырып, салауатты өмір салтын ұстануға, еркін ойлы, шығармашал азамат болуға шақырды.