Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№88 газет

05 қараша 2024 ж.

№87 газет

02 қараша 2024 ж.

№86 Газет

29 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Оқу-жаттығу: қауіпсіздікке баса мән беріледі

Оқу-жаттығу: қауіпсіздікке баса мән беріледі

Өткен аптаның бейсенбісінде Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесіне қарасты мекемелердің қызметкерлері дер кезінде іс-қимыл әрекетіне көшті. Себебі аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың өкіміне сәйкес, «Көктем – 2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізілді.

Ең алдымен, аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Роллан Еспенбетовтің төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі жоспардан тыс аудандық комиссия отырысы жүзеге асты. Күн тәртібіне сәйкес, «Көктем – 2024» республикалық командалық-штабтық оқу жаттығуды ұйымдастыру іс-шарасы жан-жақты талқыланды. Комиссия отырысына аудандық төтенше жағдайлар комиссиясының мүшелері, ауылдық округ әкімдері мен мекеме басшылары қатысты.

Келелі жиында Тереңөзек кенті елді мекендердегі жергілікті халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысы сараланды. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау майоры Қанат Шарафадинов «Көктем – 2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізудің негізгі басым-бағытын көпшілікке баяндады.

– Шындығында, жергілікті халықтың қауіпсіздігін сала мамандары басты назарға алғаны жөн. Қазіргі уақытта ауа райы күрт өзгеріп, қолайсыздық тудыруда. Бұл ретте, азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесіне кіретін барлық мекеме өзіне жүктелген міндетті жауапкершілікпен атқаруы тиіс. Қашанда тұрғындарды сабырлық танытуға шақырып, су тасқыны кезінде жасауға тиісті іс-шараны мұқият түсіндіре білуіміз керек, – деді аудан әкімінің орынбасары.

Негізінен, аудан көлемінде азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін қалыптастыратын 14 арнайы қызмет бағыты қарастырылған. Су тасқыны орын алған жағдайда жекелеген бөлім мен салалық мекемелердің мамандары өздеріне тиесілі жұмысты уақытылы атқаруға жауапты. «Көктем – 2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу барысында аудан әкімінің орынбасары алдын ала дайындалған іс-шара барысына қанықты. Әрбір мекеме басшысымен сұхбаттасып, алда­ғы уақытта төтенше жағдайды болдырмау және жоюға арналған кешенді жұмыстарды қайта-қайта пысықтау керектігін тілге тиек етті. Әрине, су тасқыны кезінде жергілікті халықты үрейлендірмеу үшін нақты ақпарат тарату керектігі назарға алынды. Сонымен қатар көпшілікті құлақтандыру мақсатында электросиреналар іске қосылуы тексерілді. Төтенше жағдай уақытында қоғамдық тәртіп сақтау, көлік қызметін ұйымдастыру, инженерлік саланы пысықтау, сауда қызметін тоқтатпау, жанар-жағармай жеткілікті болуын қамтамасыз ету секілді бірнеше бағыт бойынша көлемді жұмыс барысы нақтыланды.

Аудан көлемінде су тасқыны орын алған мезетте халықты эвакуациялайтын арнайы орындар белгіленген. Комиссия отырысы мен республикалық оқу-жаттығу қорытындысы негізінде жауапты мекеме басшыларына бірқатар тапсырма берілді.

Балтабай ОРДАБЕКОВ 

13 ақпан 2024 ж. 177 0