Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№88 газет

18 қараша 2025 ж.

№87 газет

15 қараша 2025 ж.

№ 86 газет

11 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
» » Дроппер деген кім және олардың алаяқтық әрекеттері қандай?

Дроппер деген кім және олардың алаяқтық әрекеттері қандай?

Жастардың, тіпті егде жастағы адамдардың қылмыстық схемаларға тартылып, делдал, яғни дроппер болу жағдайлары жиі кездеседі.

Дроппер дегеніміз кім?

Дроппер немесе дроп – бұл алаяқ­тар ұрлаған ақшаны өзінің банк картасы арқылы өткізетін адам. Кейде карточкасын үшінші тұлғалар пайда­ланғанын білмеген адам алаяқ­тық объектісіне айналуы мүмкін. Осы­­­лайша, дроп өзінің қылмыстық схемаға тартылғанын әрдайым түсіне бермейді, өйткені алаяқтар әдетте өз әре­кеттерін заңды бизнес ретінде жасырады.

Егер кімнің жиі дроппер болатыны туралы айтатын болсақ, онда бұл: мектеп оқушылары мен студенттер, қолай­сыз отбасылардан шыққан адамдар, зейнеткерлер және мұқтаж азаматтар.

Қаскүнемдер азаматтардың уа­қытын жұмсамай, тез ақша табуға мүд­­делі екенін, бірақ салдары туралы ойланбайтынын пайдаланады.
Дропперді әртүрлі шоттар арасында заңсыз алынған ақшаны аудару үшін жалдайды. Бұл қылмыскерлерге іздерін жасыруға және тергеу жұмы­сын қиындатуға мүмкіндік бе­реді. Бұл жағдайда алаяқтық аударымдар әртүрлі елдерде және әртүрлі адам­дардың атынан жасалуы мүмкін.

Барлық дроппер алаяқтарға көмек­тесіп жатқанын білмеуі де мүмкін. Себебі кейде алаяқтар ақшаны бейқам адамның шотына әдейі аударады, содан кейін «қате аударым» туралы хабарлап, ақшаны қайтаруын, бірақ басқа-жалған шотқа ауда­руын сұрайды. Мұндайда қаскүнемдер айла­ның барлық мүмкіндігін пайдаланады.

Олар дәрі-дәрмек, емдеу немесе бала­сының оқуына арналған соңғы ақшаны қате жібергенін айтып, аяушылық тудыруы мүмкін.

Бұл қауіпті, себебі қылмыстық тергеу кезінде полицияға сіздің қылмыс­тық схеманың қатысушы екені­ңіз­ді дәлелдеу өте қиын болады.

Онлайн-алаяқтықты тергеу ке­зін­­де тергеушілер бірінші кезекте дроп­­перлерге шығады. Әдетте олар қыл­­­мыскерлердің сыбайлас қатысу­шыларына айналады.

2025 жылдың 16 қыркүйегінен бас­тап қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің «Банктік шотқа, төлем құралына немесе сәйкестендіру құралына қол­жетім­ділікті заңсыз ұсыну, беру және алу, сондай-ақ төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын заңсыз жүзеге асыру» 232-1-бабына сәйкес, іс-әрекетінің ауырлығына, сипатына және алынған пайда мөлшеріне қарай айып­пұлдан бастап, мүлкін тәркілей отырып, 7 жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайын­далуы мүмкін.


Дархан Күзербаев,
Сырдария аудандық соты
әкімшісінің жетекші маманы

18 қараша 2025 ж. 43 0