Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Ардагерлерге төсбелгі табысталды

Ардагерлерге төсбелгі табысталды

Сырдария ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар ардагерге «Сырдария ауданының 95 жылдығы» мерейтойлық төсбелгісі табыс­талды. Салтанатты іс-шара аудан әкімдігінде өтіп, оған аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім, мекеме басшылары қатысты.

Ең алдымен Сырдария аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы М.Еспенбетов 95 жылдық тарихы бар іргелі ауданның даму белестері жөнінде кеңінен айтып өтті. Салалар дамуында ардагерлердің айрықша еңбегі бар екеніне тоқталып, ауданның өсіп-өркендеуіне бірлік пен өзара сыйластықтың, аға буын өкілдерінің үлгілі үрдістерінің, игі істерінің ықпал еткенін айтты.

Бұл жолы мерейтойлық төсбелгі Марат Сақтапов, Болат Ахметов, Нұрлан Оразбеков, Мектепхан Елеусінов, Марат Омаровтарға табысталды. Төсбелгі иегерлерін аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев құттықтап, тілектестігін білдірді. Сондай-ақ қоғамдық кеңес мүшелерінің атынан Гүлбар Әбілова сөз сөйлеп, ардагерлерді құттықтады.

Бұл күні айтулы марапат ауданның мәде­ниет, білім беру салаларында ұзақ жыл абыройлы еңбек еткен, өзіндік орны, мәртебелі төрі бар ардақты ардагер, «Сырдария ауданының Құрметті азаматы» Жантемір Айсинге де табысталды. Марапатты Сырдария аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы М.Еспенбетов бастаған азаматтар арда­гердің шаңырағына барып тақты.

Өз кезегінде Сансызбай Сәдуақасов пен Алмас Есназар құттықтау лебіздерін арнап, тілектестігін білдірді. Біз де осынау игі тілектерге қосылып, еңбегі еленген, құрметке бөленген ардагерлерді шын жүректен құттықтаймыз.


А.ҚОШҚАРБАЙ
06 ақпан 2024 ж. 446 0