Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сырдария аудандық сот төрағасы тағайындалды

Сырдария аудандық сот төрағасы тағайындалды

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында Қазақ­стан Республикасы Президентінің 2019 жыл­ғы 31 желтоқсандағы №231 Жарлығымен таға­йындалған аудандық соттың төрағасын таныс­тыру рәсімі өтті. Жиналысқа аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, кәсіби емес медиаторлар, ардагерлер және БАҚ өкілдері қатысты.
Сырдария аудандық сотының төрағасы лауазымына бұдан бұрын Атырау облысы Жылыой аудандық сотының судьясы қызметін атқарған Руслан Темірханұлы Алдамбергенов тағайын­далды.
Төрағаны Қызылорда облыстық сотының судьясы Ермек Тұрбаев таныстырды. Ол тағайындалған аудандық сот төрағасын құттықтап, сотқа жүгінуші әрбір тараптың құқығын, бостандығы мен заңды мүддесін қорғауды, қызметке үлкен жауапкершілікпен қарауды тапсырып, қызметіне жеміс пен сәттілік тіледі. Сонымен бірге кәсіби емес медиатор, Тереңөзек кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Келдібаев, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы М.Омаров сөз сөйлеп, қызметті абыроймен атқаруға тілектестігін білдірді. Жиын соңында бұған дейін аудандық соттың төрағасы қызметін атқарған А.Абдрахман аудан жұртшылығына ризашылығын білдіріп, бірлесе атқарылған жемісті жұмыстар үшін алғысын айтты.
Айта кетейік, жиын барысында медиация институтын дамытып, сотқа жүгінген азаматтардың өзара келісіммен бітімге келуіне үлес қосқан аудандық билер кеңесінің төрағасы М.Келдібаевқа және билер кеңесінің мүшелері М.Елеусінов пен К.Мұстафаевқа облыстық билер кеңесінің арнайы төсбелгісі табысталды.

«ТТ» ақпарат


14 қаңтар 2020 ж. 1 541 0