Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » 30 жас отау иесіне неке қию куәлік табысталған

30 жас отау иесіне неке қию куәлік табысталған

Өткен жылдың екінші жарты жылдығында елімізде «Әлеуметтік кодекс» күшіне еніп, бірқатар мекеме қайта құрылған болатын. Өз кезегінде жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің қызметі ықшамдалған тұста жаңадан құрылым жұмысын бастады. Яғни, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ құрамына енетін аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі қайта жасақталды. Осы күні аталған бөлімнің мамандары жергілікті халыққа қалтқысыз қызмет етіп келеді.


Әрине, ел-халықтың игілігі үшін жасалған өзгерістің өзіндік ерекшелігі бар. Қазіргі уақытта Салтанат Бекжүнісова жетекшілік ететін бөлімнің қызметі әртараптандырылған. Азаматтардың хал актілерін тіркеп, олардың құжаттарының уақытылы рәсімделуі мақсатында жүйелі жұмыс жүргізілу үстінде. Негізінен, бөлім қызметкерлері  Туу туралы, неке қию, неке бұзу, қайтыс болу, зейнетке шығу, жеке куәлік секілді бірнеше құжатты дайындаумен айналысады. Өткен жылы жоспарға сәйкес, кешінді іс-шара барысы дайындалып, жаңа бөлімнің базалық құрылымы қалыптасқан.


– Шын мәнінде, алғаш бөлім ашылған сәтте әрбірімізде қорқыныш болғаны рас. Қырық мыңға жуық халқы бар аудан өмірімен біте қайнасу – асқан жауапкершілікті қажет етеді. Бірінші кезекте ертеректе  осы саланың ілгері басуына өзіндік үлесін қосқан бірнеше сала ардагерінің ақ батасын алдық. Сонымен қатар «Отбасы күні» мерекесі аясында жаңа туған сәбиге, кәмелет жасқа толған жастарға, жаңадан отау құрған жұпқа, зейнет жасына жеткен ардагерге салтанатты түрде куәлік тапсырған болатынбыз. Есепті кезеңде  Туу туралы куәлік – 145, қайталама Туу туралы куәлік – 49, неке қию туралы куәлік – 30, қайталама неке қию туралы куәлік –12, неке бұзу туралы қайталама куәлік – 4, қайтыс болу туралы куәлік – 5, қайтыс болу жөнінде қайталама куәлік 10 адамға берілді. Бөлім мамандарының ұйымдастыруымен 19 нәрестеге Туу туралы, 28 жұпқа неке қию, 7 зейнетке шыққан ардагерге, 14 жасқа жеке кәуілік салтанатты түрде табысталды. Ал біздің мамандарымыз 18 үйлену тойына арнайы барып, жас жұбайлардың куәлігін ерекше рәсім жасап берген еді, – дейді  бөлім басшысы Салтанат Бекжүнісова.


Бүгінде бағыты айқындалып, қызметі түрлене түскен аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі көпшіліктің құжатын рәсімдеуді оңтайлы етуге күш салуда. Алдағы уақытта сала мамандары толайым істерімен аудан жұртшылығына еңселі еңбек ете берсін демекпіз.

Балтабай ОРДАБЕКОВ
12 қаңтар 2024 ж. 265 0