Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Отбасы – басты байлығымыз

Отбасы – басты байлығымыз

Аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, Сырдария аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімімен және «Сырдария ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Отбасы және неке құндылықтарын сақтау, гендерлік теңдікті насихаттау, отбасылық қатынастарды нығайту бағытында шаралар ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында 2022 жылдың 13 мамыр күні аудандық ішкі саясат бөлімінің мәжіліс залында «Отбасы – басты байлығымыз» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Кездесуге аудандық ішкі саясат бөлімінің, АХАТ бөлімінің мамандары, үлгілі отбасылар, жас отбасы мүшелері, жастар ресурстық орталығының мамандары қатысты.

Шара барысында «Отбасы - басты байлығымыз» тақырыбында аудандық АХАТ бөлімінің бас маманы Нұрсұлтанұлы Талғат хабарлама жасады.

Кент тұрғыны Смайлов Айберік Омарұлына жақында дүние есігін ашқан ұлы Айберікұлы Мәнсүрдің туу туралы куәлігін ауданның «Құрметті азаматы», қоғамдық кеңес мүшесі Сәдуақасов Сансызбай ағай мен жұбайы Ерғалиева Ханшайым апай табыстады.

Сонымен қатар, жақында шаңырақ көтерген жас жұбайлар Бақытов Шадияр Бақытұлы мен Беркімбаева Айзада Асылбекқызына ауданның «Құрметті азаматы», мәдениет саласының ардагері Айсин Тимур ағай мен жұбайы Аманбаева Әлия апай неке куәлігін тапсыру рәсімін жасады.

Үлгілі отбасылар, жас отбасыларға құттықтау сөздерін арнап, жылы лебіздерін білдірді.

Шара соңында естелік суретке түсіп жас отбасы мүшелеріне «Бақытты некенің жөнсілтері» және «Жақсы ата-аналар құпиясы» атты кітапшалар таратылды.
16 мамыр 2022 ж. 588 0