Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа құрылымға – жаңа басшы

Жаңа құрылымға – жаңа басшы

Биылғы екінші жартыжылдықтан бастап елеулі өзгерістер енгізіліп жатыр. Оның ішінде халықты жұмыспен қамту орталықтары қайта құрылымдалып, мемле­кетімізде «Әлеуметтік кодекстің» күшіне енуіне орай «Еңбек мо­бильдігі» орталықтары болып қайта құрылуда. Осыған байла­ныс­ты жұмыспен қамту, әлеу­мет­тік бағдарламалар, және аза­­­­маттық хал актілерін тіркеу бө­лі­­мінің қызметтері ықшамдалып, жұ­мыспен қамту орталықтары «Мансап орталықтарына» айналды. Ал азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі өз алдына бөлек құрылымдалды.

1 шілдеден азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдері жергілікті органдардан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-на берілді. Десе де мұндай өзгеріс аудандық және қалалық бөлімдердің қызметіне әсері етпейді. Әдеттегідей, салаға қатысты құжаттарды электрондық үкімет порталы арқылы онлайн өтініш беру мүмкіндігі сақталады.

– Екінші жартыжылдықтан өзге­рістер енгізіліп, аудандық АХАТ бөлі­мінің жұмысын жандандырудамыз. Өз­ге­ріс­терге сәйкес, бөлімдегі қызмет көрсе­ту регламенттері, оларды қарау тәртібі мен мерзімдері өзгеріссіз қала­ды. Мем­лекеттік корпорацияда АХАТ қызмет­керлеріне жүктемені төмен­детуге мүмкіндік беретін қосымша штат­тық бір­ліктер беріліп, 3 қызметкер жұмыс атқарудамыз. АХАТ қызметтерін тек тіркеуші органның қызметкерлері көрсететінін атап өтеміз. ХҚКО операторларын қоса алғанда, Мемлекеттік корпорацияның басқа қызметкерлері АХАТ ақпараттық жүйесіне қол жеткізе алмайды. Сондықтан некені тіркеу, бала тууды тіркеу, әкелікті анықтау тағыда басқа секілді жұмыстар тек біздің бөлім қызметкерлері арқылы жүзеге асырылады, – дейді бөлімге тағайындалған басшы Салтанат Бекжүнісова.

Бөлім басшысының айтуынша, некеге тұрғысы келетіндер тіркеуші органға жеке басын куәландыратын құжаттармен бірге келуі керек. Бұл некені тіркеудің белгіленген күнінде жасалады. Өтініш берген кезде қызмет алушылар неке қию рәсімін салтанатты жағдайда немесе қарапайым түрде өткізуді өздері таңдай алады.

Айта кететіні, АХАТ бөлімдерінде әлеуметтік маңызы бар қызметтер, атап айтқанда бала тууды тіркеу, қаза болуын тіркеу тегін болып қалады. Ақылы қызметтердің тарифі қосымша құн салығын ескере отырып есептеледі.

«ТТ» ақпарат
11 шілде 2023 ж. 230 0