Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » 80 отбасына қайырымдылық көмек көрсетілді

80 отбасына қайырымдылық көмек көрсетілді

Аудан әкімінің ұсынысына сәйкес «Қазгермұнай» біріккен кәсіпорны аудандағы аз қамтамасыз етілген 80 отбасына қайырымдылық көмек көрсетті. Игілікті іс-шараны «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы мен аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі үйлестірді.

Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы М.Қаратаевтың айтуынша, жаңажылдық сыйлық пен күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түліктер топтамасының 50 данасы ауылдық округтерге бөлінген. Қалған 30 данасы кент орталығындағы мұқтаж отбасыларға таратылған. Оның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен көпбалалы отбасылар бар.

– Жыл сайын «ҚазГерМұнай» біріккен кәсіпорны мұқтаж отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетіп келеді. Биыл да сол үрдіс өз жалғасын тапты. Көмекке ие болған отбасылар өз ризашылықтарын білдіруде. Біз бөлім тарапынан «Nur Otan» партиясының аудандық филиалымен бірге қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырып, толық таратып шықтық. Мұнан бөлек, аудандық мәслихат депутаттары да жыл қорытындыланар тұста қайырымдылық іс-шараларына атсалысты. Әлеуметтік тұрғыдан аз қамтамасыз етілген отбасы мүшелеріне ауданда атқарылып жатқан
жұмыстар мен жоспарлар туралы да ақпарат берілді, – дейді М.Қаратаев.



А.СЕЙІЛОВ
12 қаңтар 2022 ж. 420 0