Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауыл халқының алғысын арқалаған

Ауыл халқының алғысын арқалаған

Аманкелді ауылындағы алғашқы аурухана 1958 жылы салынып, ел игілігі үшін ұзақ жыл жұ­мыс істеді. Ал 2000 жылы ғимарат орны ауыс­­­ты. Аманкелді дәрігерлік емханасының қазір­гі ғимараты 1987 жылы типтік емес жобада салын­ған.

Аталған ғимаратқа күрделі жөндеу 2016 жылы жүргізілді. Екінші қаба­тындағы 15 төсек орынды күндізгі ауруханада 2022 жылдың есепті кезеңінде 105 науқас ем-шараларын тиісінше алды.

Аманкелді дәрігерлік емханасының аға дәрігері-меңгерушісі Гүлмира Мәдіқызы 1968 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. 1986 жылы Аманкелді ауылындағы №42 мектеп В.И.Ленин атындағы орта мектепті «Күміс медальмен» бітіріп, Алматы мемлекеттік медицина институтына оқуға түсті. Осы медицина институтының «Балалар дәрігері» факультетін 1992 жылы бітірген. 1992-1993 жылдары Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы арқылы облыстық балалар ауруханасында интернатурадан өткен. 1993 жылдан бастап медицина саласындағы еңбек жолын Аманкелді ауылдық ауруханасында терапевт-дәрігер болып абыройлы қыз­мет атқарса, 2008 жылдан бастап жалпы тәжірибелік дәрігері болды. Он жылдан бері аға дәрігер қызметін атқарып келеді.

Жыл басынан бері Аманкелді ауылы бойынша жалпы қабылдауда 2596 тұрғын медициналық көмекке жүгініп, дәрігерлер қажетті көмектерін көр­сетті. Жедел жәрдем арқылы 199 шақырту болып, жүйелі жұмыстары үшін тұрғындардан алғыс алып келеді. Дәрігерлік емханада барлығы 33 қызметкер бар. Жедел жәрдем үшін 1 автокөлік және ЭКГ бөлмесі, акушерлік қызмет, егу бөлмелері, әлеуметтік-медициналық қызметтер қарастырылған. Жалпы Аманкелді дәрігерлік емханасының ем қабылдаушылары өз істерінің нағыз мамандары, ақ халатты абзал жандарға шынайы алғыстарын білдіріп келеді.





Аманкелді ауылының әкімдігі
12 мамыр 2022 ж. 399 0