Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 71 газет

07 қыркүйек 2024 ж.

№ 70 газет

03 қыркүйек 2024 ж.

№ 69 газет

30 тамыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Жаңалық тәулік бойы таратылады

Жаңалық тәулік бойы таратылады

Заман – ақпараттық технологиялардікі. Көпшілікке қағаз кітап пен газеттен электронды нұсқа көбірек қолжетімді. Осындай заман талаптарына сай аудандық газеттің ресми сайты өз оқырманына тұрақты түрде әрі 24 сағат бойына қызмет көрсетіп келеді.

«Тirshilik-tynysy.kz» ақпараттық агенттігіне газеттің әр нөмері уақытылы салынып отырады. Сейсенбі және сенбі күні оқырманға жол тартатын газет нөмері сол күннің таңғы сағат 9.00-ге дейін ресми сайтқа салынады. Қолжетімділігі сол, біздің басылымды аудан тұрғындары ғана емес, шалғайда жүрген жерлестеріміз де оқи алады. Сондай-ақ ақпараттық агенттік сайтына күнделікті қоғамдық-әлеуметтік жаңалықтар мен аудан, облыс, республика көлеміндегі мақалалар жарияланып отырады. Айта кетейік, қазіргі таңда ресми сайттың бір аптадағы оқырманы он мыңға жуықтайды.

– Туған жерден жырақта жүрген соң күнделікті газетті қолға алып оқу мүмкін емес. Осы тұста алысты жақын қылған ғаламторды ойлап тапқан адамнан айналып кеткің келеді. Аудан жаңалықтарын күнделікті «Тіршілік тынысы» газетінің ресми сайтынан бақылап, көріп, танысып, жақсы жаңалыққа ортақтасып отырамыз. Айтпақшы, газеттің әлеуметтік желілердегі парақшалары да өте тиімді. Тіпті, қазіргі заман талабына сай фейсбук, инстаграм, тикток, телеграм, ютуб каналдары да бар екен. Көп газеттің электронды нұсқасы ақылы түрде сатылып жатады. Аудан айнасына айналған басылымның өз оқырманына қашан да қолжетімді болуы өте тиімді – дейді А.Әмірбекова.


«Тт» ақпарат

12 желтоқсан 2023 ж. 172 0